Page 183 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
182
1990-
шы жылдардағы
экономикалық
дағдарыс
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші
Хатшысы болып сайланғаннан соң, бір аптадан кейін, 1989
жылғы маусымның жазғы бір таңында мен ҚазКСР Минис-
трлер Кеңесінің бір топ мүшелерімен Қарағандыға ұшып
келдім. Үкіметтің «ТУ» ұшағы аэропорттың тұрағына қарай
бұрылған кезде, мен бізді күтіп алуға келген Қарағанды
облысының басшыларын көрдім. Олардың тұнжыраған
түріненқалада соңғыапталарда орын алғанқобалжушылықты
байқауға болатын еді. БүкілОдақшахтерлердің ереуілдерінен
тынышсыз жағдайда еді, ал Қарағанды шахтерлері көшеге
шыққан елдегі соңғы шахтерлер қаласы болды. Ол кездерде
Қазақстанның бүкіл Көмір өнеркәсібі КСРО Көмір өнеркәсібі
министрлігінің қарауында болатын. Сондықтан барлық про-
блемаларды Мәскеу шешетін, бұл іске республиканың ара-
ласуына рұқсат өте сирек берілетін. Бірақ соның қарсаңында
М.С. Горбачев телефон шалып, ол жақтағы жағдай менің
араласуымсыз тынышталмайтынын айтқан.
Қарағанды – мен үшін жаныма жақын қала. Менің
мансабым осы жерде басталған болатын. Республиканың
индустриалдық орталығы менің көз алдымда өсті. Мен
қаладағы барлық кәсіпорындардың директорлары мен бас
инженерлерін тікелей білетінмін. Қарағанды облысын өзінше
біршағынҚазақстандепайтуғаболатын.Әртүрлі жағдайларға
сәйкес, мұнда республиканың барлық ұлттарының өкілдері
тұрып, еңбек етеді десе болғандай. Шахтердің ауыр еңбегі
уақыт өте келе адамдардың мінезін бірбеткей, қатаң етіп
қалыптастырады. Өткен тағдыры ауыр әр ұлтты Қарағанды
көптеген саяси қылмыстылар мен олардың ұрпақтарының
өмір сүріп, еңбек еткен ортасына айналды, араларынан талай
жарқын да күшті тұлғаларды өсіріп шығарды. 1986 жылғы