Page 181 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
180
едәуір үлес қосты. Өкінішке қарай, оның кезіне Оңтүстік-
Шығыс Азиядағы дағдарыс дөп келді, тұрмыс деңгейі түсіп
кетті, осыдан барып ол отставкаға кетті.
Осы жылдар ішінде менің көз алдымда мұнайшылардың
тұтастай бір үлкен буыны өсіп қалыптасты. Біздің көптеген
мамандарымыз әлемге аты әйгілі мұнай компанияларында
еңбек тәжірибесінен өтті, сондай-ақ мұнай бизнесінің ең
үздік университеттерінің тыңдаушысы болды, шетел тілдерін
үйреніп, менеджменттің әліппесін меңгерді. Мен олардың
тәрбиесімен тікелей айналысып, барынша көмек көрсетумен
болдым. Нәтижесінде, олардың көбі жоғары мемлекеттік
лауазым иелері дәрежесіне дейін көтерілді.
Еліміздегі мұнай ресурстарының молдығы мен олар-
ды игеруге құлшыныс білдірген мұнай компанияларының
көптігі арқасында біз келіссөздер жүргізуде жақсы тәжіри-
белер жинақтадық. Осыған байланысты мен біздің жаңа
ғана іс бастаған басқарушыларымызға мынадай ақыл бір
берсем деймін. Келіссөз кезінде сіздің әріптесіңіз сіздің
әрбір қадамыңызды алдын ала білуге тырысады, ол сіздің
стратегиялық қимылыңызды қалай да өзгертуді немесе іске
асырмай тастауды ойлайды. Келіссөздің ұсақ-түйегіне дейін
қатты көңіл аударғанжөн, әсіресе оның тұзағына түсіп қалмау
керек. Барлық ұсақ табыстарды бір ғана үлкен жеңіліс мүлде
жоқ етеді. 1990 жылдардың басындағы Ресейге қаржылық
тәуелсіздігі – біз үшін сондай үлкен жеңілістің бірі бола жаз-
дады.
Ұлттық теңгені енгізу Қазақстанның ірі жеңістерінің бірі
болды. Біз өзіміздің қаржылық тәуелсіздігімізді қалай қорғап
қалғанымыз туралы әңгіме келесі тарауда айтылады.