Page 180 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

к
аспий үшін күрес және мұнай дүмпуі
179
Қазақстан өсудің жаңа аясына шығады, сонда мұнай жоғары
технологиялық өнімдерді шығарудың құралына айналады.
Осы әлеуетті одан әрі көтеру мақсатында елімізге қажетті
бірқатар стратегиялық маңызы бар құжаттар қабылданды.
Олардың ішінде жоғарыда және бастапқыда аталып кет-
кен, Каспий шельфін кешенді игеруге қолайлы жағдайлар
жасауды қарастыратын «Каспий теңізінің қазақстандық
секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы» да бар.
2003 жылы тамызда мен бекіткен «2015 жылға дейінгі
индустриялық-инновациялық дамудың стратегиясында»
елдің экономикалық салаларын диверсификациялау жолы-
мен тұрақтыдамуға жеткізу, шикізаттық бағыттан кету, ұзаққа
көзделген жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға
өтудің шарттарын жасау негізгі мақсат ретінде көрсетілген.
Қазір мен осы бағытта табыстыжүріп келе жатырмыз деп
айта аламын. Ал енді тәуелсіздіктің алғашқыжылдарында бәрі
де осындай теп-тегіс бола қойған жоқ. Ол кезде біздің мұнай
бизнесінің «акулалары» бастаған дүниежүзілік трансұлттық
мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізуімізге тура
келген. Жаңа идеялар, жаңа қадамдар, ең бастысы, бұрынғы
ескі партиялық әдістерден ада кадрлар қажет болды. Ал ол
кезеңде олар «ат төбеліндей» ғана еді. Сондықтан да болар,
мен «ескі гвардияны» «жас» басқарушылармен ауыстыру
бағытында жүріп отырдым. Әрине, бұл міндет мен үшін
жеңіл болған жоқ, күмән де көп болды, бірақ басқа жолды
таппадым.
Инвесторлармен жүргізілген біздің белсенді келіссөз-
деріміздің кезінде мұнай-газ секторының маңыздылығын
ескере отырып, мен Парламенттің алдына тәжірибелі
мұнайшы, бойында қуаты мол, Мұнай және газ министрі
Нұрлан Балғымбаевты Премьер-министрлікке тағайындау
жөнінде ұсыныс енгіздім. Ол КТК құрылысын салуға бастама
берген, жоғарыда көрсетілген жұмыстардың іске асуына