Page 14 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
13
әлеуметтік дерттердің сынағына түскенімізбен – Қазақстан
бұл дағдарыстан анағұрлым ерте шықты, ол – ол ма, бұл
«дерт» бізді кеңестік уақыттың елесінен айықтырды және
бүтіндей жаңа елді – тәуелсіз де өркенді Қазақстанды құру
үшін орынды тазартты.
Біз «талмау күйдің» өліаражағдайы соншалықты тұрақсыз
және екі жақты болатынын, кез келген кешігу мен теріс
шешім қабылдаудың зардабы «өліммен аяқталатынын»
түсіндік. Бұ­рынғы өкпе мен әлдеқашан Тарихқа айналған
өткенді түзетуге ұмтылған әрекеттерге байланысты, қазіргі
мен келешек туралы ойлағанның орнына, бізде керексіз
даңғазалыққа ұрынудың үлкен қаупі болды. Кеме суға ба-
тып бара жатқанда, оның командасы болған жағдайға кім
кінәліні іздеп жатпай-ақ қоян-қолтық жұмыс істеуі керек
қой. Иә, жағдай оңай болмады. Бірақ, ол қандай күрделі
болмасын, одан шығу үшін мықты басқарушылық тәртіп пен
біздің әрқайсымыздың күшімізді ширықтыру қажет болды.
Ауыртпалықты қоғам қаншалықты қабылдайды, салма­ғы да
соншалықты болады. Кез келген дағдарыс жағдайды ушық­
тыруға болмайды, өйткені әртүрлі дағдарыстың мәні – жаңа
кезеңге қандай жол ашатындығында. Мен бұрын да және
қазір де кез келген дағдарыс кезінде, сөз ең алдымен даму
туралы болмақ деп есептеймін. Ескінің соңы – әрқашан жаңа
бір дүниенің бастауы.
Әлемнің бірде-бір елі қалыптасу кезеңінде, ең алдымен
мемлекеттің экономикалық негізін қозғайтын дағдарыс
құбылыстарынан қашып құтылмаған. Үлкен күйзелістер мен
құлдырауларды Америка, Франция, Англия, Түркия, Гер-
мания, Индия және басқа да елдер бастан өткерді. Тек осы
сілкіністердің күші ғана әртүрлі болды. Бірқатар елдердің, мы-
салы, Оңтүстік-Шығыс Азия «жолбарыстары» атанғандардың
нарықты қалып­тастырудағы «кедір-бұдыры» ішкі саяси
тұрақсыздық, жер реформалары мен қаржы дағдарыстары