Page 13 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
12
Егемен Қазақстанның дүниеге келуі қарсаңында болған
кезеңнің тарихи ерекшелігі сол, оны аса ірі мемлекеттік
құрылым – Кеңестік социалистік республикалар одағының
жантәсілім кезіндегі жағдайымен салыстыруға болатын
еді. Мемлекеттік құрылым экономикалық және саяси
дағдарыстардан ес-түссіз талмау күйде болды, сол уақытта
бұл ауыр үрдіске қоғамдық ақыл-ой тарихтың қысқаша кур-
сына боямасыз жіті көзбен қарады да, әлеуметтік сана осынау
ауыр көріністен біржола сансырап қалды.
1985жылғыКеңесОдағыКоммунистікПартиясыОрталық
Комитетінің Сәуір пленумынан басталған «қайта құру» қашан
құрдымға кеткенге шейін ел өз тарихының шым-шытырық
оқи­ғаларын ой елегінен өткізді. Миллиондаған саяси қуғын-
сүргін құрбандарының бейнесін тірілтіп, тоталитарлық
режимнің зауалына ұшыраған зиялы қауым тұлғасына жан
бітірді, үлкенді-кішілі халықтардың жадына төл тарихының
естеліктері орала бастады. Көбінесе бұрынғы КСРО-ның
түрлі аймақтарында бұл үрдіс ұлттық шиеленістер толқуын,
саяси тартыстар мен қа­рулы қақтығыстар тасқынын туғызды.
«Аурудың» асқынғаны соншалықты, әлі күнге дейін бұрынғы
КСРО-ның кейбір аймақ­тары осы ауыр жағдайдан шыға ал-
май, үрейге толы жаңалықтар мәліметтерінде планетаның
«шиеленісті нүктесі» ретінде көрініс беруде.
Міне, осығанбайланыстыменің есіме2005жылынаурыз-
да Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің Қазақстанға
алғаш ресми сапармен келуі барысында бірге өткізген
баспасөз конференциясы түседі. Ол сонда журналистердің
сұрақтарына жауап бере келіп, өз елінің тәуелсіздікпен өткен
он бес жылын өлім халіндегі жан ағзасына дем сала бастаған
жағдайымен салыстырған еді. ТМД-ның бірқатар елдерінің
экономикасы шамамен осындай жағдайда. Бұл дегеніңіз
біздің олардан 11-12 жыл алда екенімізді білдіреді.
Алайда, аумалы-төкпелі кезеңдегі адамдардыңәлеуметтік
күйзелісі мен бейжайлығы, психологиялық шиеленісі тәрізді