Page 129 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
128
құқығы, басқаша айтқанда, өз өміріңнің қожасы өзің болуы
кез келген қазынадан бағалы.
Біздің Конституция – бұл шынайы өмірдің айнадағы кө­
рінісі емес, қоғам мен мемлекеттің қандай жағдайда болу
керектігінің көрінісі. Сондықтан оның әлеуетінің сарқылуы таяу
араларда бола қоятын жағдай емес. Негізгі Заңда бекітілген
базалық стратегиялық сипатыбар заңдық ережелерменприн-
циптер мемлекет пен қоғамның даму мүмкіндіктеріне, саяси,
экономикалықжәне әлеуметтік жағдайлардың қалыптасуына
қарай ашыла түспек.
Небәрі 15-20 жылдың ішінде біздің қоғам бүтіндей
дамыған демократияның деңгейіне сәйкес келетініне
мен сенемін. Парламентте тұрақты қызмет істейтін екі-
үш партиялық жүйе қалыптасады және орташа тап бүкіл
тұрғындардың жартысын құрайтын болады.
Менің атап көрсеткенімдей, бұл Конституция біздің эко-
номиканың дамуына жаңа серпін берді. Қазір, дәлірек айт-
қанда, Қазақстанның экономикасы барлық болып жатқан
өзгерістердің – жаңа Конституцияны жасаудан бастап және
әрбір қазақстандықтың өмір салтындағы, ең бастысы, ой-
санасындағы өзгерістерге дейін – солардың қозғаушы күші
болды. Осы кезеңдегі біздің экономиканың «қаны» – қазақ
жерінің «қара алтыны» мұнай. Мұнай мен газ біздің басты
ресурсымызға және тәуелсіздіктің алғашқы күнінен өзінше
бір бастапқы капиталға айналды. Болашақтағы 15-20
жылда да Қазақстан көмір-сутегін дүние жүзінің рынок-
тарына шығаратын ірі ел болады. Біздің байлықтарымыз
сонымен бірге бізді көре алмаушылықтың және бізге кінә
тағушылықтың нысанына айналды; бізде тек соның кесірінен
ғана өз тәуелсіздігімізден шынында айырылып қалу қаупі
болды. Мен келесі тарауда, өзімізді бір минутта босаңсытпай
және алдауға жол бермей, оны бақылайтынымызды үнемі
естен шығармай, осы бір асауды қалай қолда ұстағанымыз
туралы айтпақпын.