Page 128 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
127
астам. Олар бір кезде өзім ұйымдастыруға бастамашы
болған Азаматтықфорумныңшеңберінде, әріптестік негізінде
өкіметпен белсенді өзара іс-қимылдаржасайды. Қазір осыбір
қатынастарда «бірінші скрипка» рөлін орындаушы дәл осы
мемлекеттік емес ұйымдар болғаны – аса жағымды құбылыс.
Түбегейлі өзгерістер ақпараттық салада да болды. Қазақ­
станның медиа-нарығында өзін-өзі көрсету бостандығы, өз
пікірін еркін айтужәне өкіметті сынау бостандығықалыптасты,
азаматтардыңбаламалыдерек көздерінен ақпарат алу құқығы
іске асты. Бүгіндері елімізде 2 мыңнан астам әртүрлі саяси
бағдардағыбұқаралық ақпарат құралдарышығады, олардың
ішінде радикалды оппозициянікі де бар. Сіздер білетіндей,
бұқаралық ақпарат құралдарының 80%-ы мемлекеттік емес.
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегідей, біздің Конститу-
ция да қатып қалғандогма емес. Конституциянықолданған10
жыл ішіндегі жинақталған тәжірибебізге ішкі міндеттердішешу
үшін де және уақыттың өзі тудырған жаңа талаптарға тиімді
жауап беру үшін де керек. Конституцияны қатаң ұстану – бұл
мемлекеттің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық
келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның
ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз да өтуге
тиіспіз.
Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қа­
рау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің
жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз
керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын
мүлтіксіз орындайалмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке,
бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни
мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы
айтудың да қажеті жоқ.
Конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне ай-
налды. Ол бізге тәуелсіздік алып келгенжеңістеріміздің, біздің
тапқан табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті. Біздің
Конституцияның бізге берген ең басты құндылығы – таңдау