Page 94 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

94
ЖАУАП:
Шынында, осыдан екі жыл бұрын мен буржуа-
зиялық қоғамның қылмыстары туралы бірнеше əңгімелер жазу-
ға машықтанғанмын. Оларды қолдан келсе, газет-журналдарда
бастырып ақша тапсам деп едім. Бірақ мен оларды редакцияға
ұсынбадым, сондықтан қағаздарымның арасында жата берді.
Дəптерде жазылған əңгімелерімде мен буржуазиялық қоғам-
дағы адам мінездеріне жат қасиеттерді сынаған ойларым бол-
ған, бірақ қазір ол пікірлерімді өзгерттім. Себебі, адам табиға-
тына толықтай сəйкес тек капиталистік құрылыс екен, оған
күмəнім жоқ. Оның социалистік құрылыстан артықшылығы да
осында, менің листовкалар таратуымның себебі де осы.
...СҰРАҚ:
Бұдан бұрын айтқандай сіз Кеңестер Одағынан
кеткіңіз келді, ол неге байланысты жəне қайда кетпек ойыңыз
болды?
ЖАУАП:
Менде ондай тілек пайда болғаны рас, социа-
листік құрылысқа риза еместігім жəне Кеңестер Одағын-
да өмір сүруге жағдайымның жоқтығынан еді. Меніңше,
мұнда адамдарда теңдік жоқ, тек өтірік пен екіжүзділік
асқынған, адамдарды жат қылық, ішімдік, азғындық, ұрлық
жайлаған қоғам бұл. Сондықтан мен эмиграцияға АҚШ-қа
кеткім келді. КСРО саяси құрылысына қарсы шыққан адам
болып, оны ашық сынап, өзіме «саяси қылмыскер» деген
үкім алсам, меніңше, Кеңестер Одағынан кетуіме мүмкіндік
туады деп ойладым.
СҰРАҚ:
АҚШ-та өміріңізді қалай жалғастырмақшысыз,
қандай қаражатпен өмір сүрмек ойыңыз бар?
ЖАУАП:
КСРО-дан кету жоспарымды ойластырып жү-
ріп мен Америкаға барғанда қалай өмір сүретінімді тіпті, ес-
кермеппін. Меніңше, онда жан-жақты қамтамасыз етеді деп
ойладым. Баспасөз бен телевидение арқылы антисоветтік үгіт-
насихат жүргіземін, сол үшін мұнда да листовкалар таратқа-
ным сондықтан.
СҰРАҚ:
Саяси қатерлі мазмұныбаржазулар орындадыңыз
ба, егер болса, олар қайда?
ЖАУАП:
Жоқ, ондайды жасаған да емеспін, жалпы, ешқа-
шан белгілі бір адамға қарсы айтқан да емеспін, менің ойым-