Page 6 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

6
тұрған уақыты. Соның өзінде, қоғамдық істерге белсене қаты-
сып, ортақ шаруаға етене араласқанды қалайтыны белгілі бо-
лып тұрды.
С
АҒАТТЫҢ
СЕРГЕКТІГІ МЕН
А
СҚАРДЫҢ
АЗАМАТТЫҒЫ
Оңалбай бауырым!
Омбыдағы оң сапар – шуақты күндер мен тылсым түндер
еске түскен сайын Өзіңді еске ала бермеске лаж бар ма?!
Оңалбай, ылғи да амандықта, жол үстінде жақсылық сəт-
терде қауыша берейік.
Сағат ƏШІМБАЕВ,
22.07.1991
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің əлі тарай қой-
маған кезі. Оңалбай əрі ойланып, бері ойланып, Омбы қазақ-
тарына қолдау көрсету қажет деп шешті. Қалай? Бар мəселе
осында. Өзі Омбыда жүріп ештеңе шеше алмасын тағы білді.
Білімінжетілдіру курсындағы сабағы аяқталған соң, «Əйда, шу!»
деп, Қызылордасына тартып кетуге де болар еді, олай жасағысы
келмеді. Бастаған істі орта жолда аяқсыз қалдырса, соңы қалай
боларын ойлады. Сөйтіп, Орталық Комитетте жауапты қызметте
жүрген курстасы, ғалым, ақын Асқар Егеубаевқа телефон шал-
ды. Бар мəн-жайды білген Асқар Егеубаев «Қоғамның төрағасын
алып, осында кел!» деп қысқа қайырды.
Алматыға келген соң, Омбыдағы «Атамекен» қоғамының
төрағасы Бауыржан Ахметовты таныстырып, табыстап, еліне
оралады.
Содан, ойландырған Омбы да қалды жайына, сағындарған
сырластарының бейнелері де күңгірт тарта бастаған еді. Ішкі
істердің қызметі қолды босатар емес. Күн күнге, түн түнге
ұласып кеткендей, сапырылысқан асығыс уақыт зымырап өтіп
жатты.