Page 202 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

202
«КЕЙІПКЕРІҢ ӨЗІҢЕ, ӨЗІҢ КЕЙІПКЕРІҢЕ
ҰҚСАЙСЫҢ...»
Қазақстанның Халық жазушысы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сəкен сері ЖҮНІСОВПЕН сұхбат
– Сəкен аға, сізді оқырмандарыңыз алған асуы биік,
жүріп өткен жолы жарық жазушы деп бағалайды. Ел-
жұртыңыз үлкен мақтанышпен таяуда ғана жетпіс жыл-
дық мерейтойыңызды атап өтті. Не нəрсені де дер кез-
інде қозғайтын, уақыт тынысын дөп басатын, дəуірлік
сипаттағы дүниелерді шеберлікпен суреттейтін қаламгер
ретінде Сізді бəріміз жақсы көреміз. «Жапандағы жалғыз
үй» романыңыз, «Ақан сері» дилогияңыз, «Заманай мен
Аманай» аттышығармаңыз, қай-қайсысы да өз кезеңіндегі
бітеу жараның бетін ашады. Дегенмен, шығармаға қара-
ғанда өмір əлдеқайда күрделі нəрсе. Осы орайдан алғанда,
Сіздің қаламыңызға іліге қоймаған, немесе түрлі себептер-
мен аттап өтуге тура келген мəселелер болды ма?
– Əр нəрсенің де арғыжағына, бергі жағына байыппен қарап,
астарына мəн бере əңгімелегеніміз жөн болар. «Шығарманы
дер кезінде, керек кезінде жазыпсыз» деген дүние де солай.
Мен, бірақ, керек кезінде деп жзабаймын. Керек кезінде жа-
затын конъюнктурщиктер болады. Конъюнктура дейді, мынау
Үшінші белес