Page 2 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
2
ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТАНУ ОЙ-САНАСЫ
10-кітап
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ
ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Лесли А. Уайт
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ*
"Мәдениет — ерекше бір ғылымның
зерттелуін талап ететін белгілі бір сала
екендігі соңғы жүзжылдық барысында
айқындала түсуде..."
Р. Г. Лоуи,
Мәдени антропология: ғылым.
"Homo sapiens тұқымын өзге хайуандар
тобынан ажырататын адамзатқа тән
ерекшелік "мәдениет" деген атаумен қамтылады;
демек, адамзат әрекетінің ерекше
қабілеттері туралы ғылымды мәдениеттану деп атауға болар еді..."
Вильгельм Оствальд,
Білім беру теориясының қағидалары.
Кез-келген тіршілік иесі өмір сүріп, тұқымын жалғастыру үшін өзінің қоршаған ортасына
белгілі бір деңгейде аз да болса бейімделуі тиіс (adjustment). Осы бейімделу үдерісінің бір
жағын біз "түсіну" деп атаймыз (understanding). Әдетте, өсімдік тәрізді өмірдің төмен
түрлері туралы айта отырып, біздер бүл терминді қолданбаймыз. Бірақ та, біз "түсіну"
сөзін қолданатын тұрғыда өсімдіктер де адамдарға ұқсас, тіптен бірдей мағынадағы
әрекеттер істейді. Маймылдарға жасалған ғылыми бақылаулар мен тәжірибелер олардың
мінез - құлығына біз "инсайт" немесе "түсіну" деп атай алатын қасиеттердің тон екенін
айқын көрсетеді. Сондай-ақ, адамға қарағанда нашарлау дамыған басқа да
сүтқоректілерде мұндай қасиеттердің бар болуы әбден мүмкін. Бірақ та түр ретінде тек
адамда ғана біз түсінуді рәміздік құралдармен жүзеге асатын бейімделу үрдісі ретінде
анықтаймыз.
Рәмізде биологиялық эволюция үдерісі бейімделудің сезімдік механизміне әкеледі.
Адамға жақын келетін түрлердің бәрі өз бейімделуін сезім мүшелерімен қабылданып,
түсіндірілетін мағыналар көмегімен жүзеге асыруға мәжбүр. Ал адамдар сезімдік әсерлер
шеңберінен шығуға қабілетті; ол өзінің әлемін рәміздер арқылы қабылдап, түсіндіре
алады. Осы қабілетінің арқасында ол түсінуге қол жеткізеді және басқа кез-келген