Page 11 - БАБАЛАР СӨЗІ. ЕР ТАРҒЫН (ҚАЗАН БАСЫЛЫМЫ)

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
11
барша жиылып отырған мырзалар, билер айтты: – Бұ Тарғын батыр болса, біздер оны бек
құрметтеп сыйладық, сіздің жарлығыңыз жерде қалмасын”, – деп. Тағы да ханнан өтінді: –
Бұ Тарғын батыр болса, біз мұны Шаған деген судың бойындағы қалмаққа жұмсалық, ол
қалмақты Шағанның бойынан ығыстырып, бізге жерін тартып алып берсін, – деді.
Сонда хан Тарғынды шақыртып алып айтты: – Сен өз жұртыңнан қашып Қырым жұртына
бардың. Ол Қырым жұртының Олалай, Бұлалай деген жауын алып бердің. Һәм сен біздің
қоластымызға келген соң, мынау Еділден шыққан Шаған дейтұғын судың бойындағы қыл
жалаулы көп қалмақты ығыстырып, солардың жерін біздерге тартып алып бер, – деді.
Сонда Тарғын: – Бәлі, бас тақсыр, жарар, – деді – Алла тілесе, бірақ менім қасыма үш кісі
жолдас беріңіз! – деді. Хан айтты: – Кімдерді аларсың? – деді. Тарғын айтты: – Бізге
беріңіз Қарасайұлы Көбенді, Алшағырұлы Тегенді, Өмірұлы Себенді. Сол үшеуімен
барып қарармыз, бізге айтқан жарлығыңыз жерде қалмас, – деді де, үш кісі жолдасын
алып, Тарғын батыр қалмаққа барып жетіп, қалмақты Шағанның басына қарай бостырды.
Қалмақтың аруағы қашып, бұларменен босқын тауып, ұрыса алмады. Қалмақты
Шағанның басындағы белден асырды, қонысы [н] адыра қалдырды, сонан соң бұ
батырдың көңілі бұ Шағанның басындағы белдің үстіне бір жалғыз біткен емен бар еді,
сол еменнің басына барып шықты, егерде қалмақтың бізбенен ұрысарға ойлары болса,
әскер жиғанда соны қарайын деп. Сол еменнің басында бір жалғыз-ақ көлденең біткен
бұтағы бар еді, сол бұтағына атша мініп отырса, ол бұтақтың түбі шіріген екен, бұтақ
сынып жерге түсті, Һәм Тарғын да бірге түсті. Тарғынның сонда бел омыртқасы
буынынан шығып кетті. Сонда қасындағы үш жолдасы өздерінің найзаларын төрт
бұрышты қылып қиындастырып, Тарғынның найзасының төртбұрышына екі аяғын, екі
қолын байлап алдарына өңгеріп, екі айда Ханзада ханға алып келді. Ханзада бұл батырды
неше кіре бақтырып қараса да, һешбір жазыла алмады. Жатқан орнынан қозғала алмады.
Ол уақытта бұ Ханзада ханның елі Бұлғыр тау дейтұғын таудың ішін жайлайтұғын еді.
Бұл Бұлғыр таудың ішінде алты бұлағы бар еді. Бұ Бұлғыр таудан ханның елі көшті де,
баяғы қалмақтың жайлауы Шағанға барып қонды. «Тарғынды Шағанның бойына барып
қонған соң, қайтып келіп алармыз» деп, Ақжүніс сұлуды, Тарғынды Тарлан атыменен,
атын арқандап жұртқа тастап кетті, алты-жеті күндік азығыменен. Бұ тастап кеткен азығы
таусылды. Ханзададан һешбір кісі келмей, Тарғын менен Ақжүністің азығы жоқ,
арқандаулы тұрған Тарлан атты бағатұғын кісі жоқ, бұлар аштан өлмекші болып өлім
халіне жетті. Сол уақытта Тарғынға қайғы түсті. Мұның Қырым жұртында қырық құрдасы
бар еді. Һәм бірнеше мырзалары бар еді. «Олардың қасында болсам, мұндай пәлеге
ұшырамас едім, – деп, – менің бір қызға бола, өз жұртымнан айрылып, бұл жұртта
жатқаным қате екен», – деп сөйлеп жылайды, жылайды да толғайды:
– Бұлғыр, Бұлғыр, Бұлғыр тау,
Бұлдырап тұрған құрғыр тау.
Қаптай қонар елім жоқ,
Елім, күнім кәрі боз.
Сөйлесетұғын тілің жоқ,
Ел таптырар ма екенсің?
290
Арысаң да жануар,
Көрсетер едің бір қара.
Саған мінер белім жоқ,
Белге қылар емім жоқ.
Бұ шамаға келгенде,
Ажалым аштан болды ма,
Ауызға жеуге жемім жоқ?
Егер өлсем бұ жерде,