Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.стрендж.САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ Х

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қатынастар саяси экономиясының авторлары саяси құрылымның өзгергені ретінде
жазатындай өзгерістің нәтижесі емес болатын.
ЭКОНОМИСТЕРГЕ ЕЛІКТЕУ
Өткен онжылдықтың көп бөлігі барысында халықаралық саяси экономия саласындағы
АҚШ-та жазылған әдебиеттің сүбелі үлесі либералдық немесе неоклассикалық
экономиканың әдістері мен тұжырымдамаларына еліктеу тенденциясын көрсетті.
Мысалы, Розенау (Rosenau, 1990) ұлтаралық қатынастарды талдай отырып, экономикадан
көшіріп алынған микродеңгей - және макродеңгей (яғни, индивидуалдық тәртіп пен
жүйелі ықпалдастықтар деңгейінде) теориясына бөлуді пайдаланды. Институттарға өз
мүддесі (және сенімі) жетелейтін Кохэн өздері мақұлдаған саясатта ынтымақтастық
жасаудағы үкіметтердің сәтсіздіктерін түсіндіру үшін ойындар теориясын (Кеоһапе, 1984;
Axelrod, 1981) жарнамалады (мұны пайдаланғандардың ішінде бірінші болуы да мүмкін).
Басқалар Кохэннің соңынан ерді де, ішкі саясатты зерттеудегі ойындар теориясының өсе
түскен танымалдығы саяси ғылым бөлімшелеріне бірлескен байламдар жасауға және
халықаралық саясатты да, ұлттық саясатты да зерттеу үшін курстар ұсынуға мүмкіндік
берді.
Өз басым бұл тенденцияны қате деп, тұйыққа тірер жол деп білемін, ол түптің түбінде
халықаралық саяси экономия саласындағы ғалымдардың қазіргі кезде экономистердің
айтарлықтай санатында болып отырғаны секілді, тарихшылардың, әлеуметтанушылардың,
демографтардың, географтардың, психологтар мен көптеген басқа да мамандардың
жетістіктерін қабылдауға ашық болуына мүмкіндік бермейді. Бірақ қысқа мерзімді
аспектіде экономика ғылымын осынау имитация, халықаралық саяси экономияны
зерттеуге жаңа қатаңдық таңатын және оның айналасына неғұрлым тар, бірақ анағұрлым
айқын шекара нобайлайтын секілді болып көрінеді. Ол ғалымдардың белгілі бір салада
және белгілі бір топтармен жұмыс істеу бейілділігіне жүгінеді. Осынау шектеуші
қабырғалар шеңберінде бизнес пен саясаттың нақты дүниесіндегі қолайсыз оқиғаларды
және басқа пәндердегі ғалымдардың төл байқауларына ұқсамайтын байқауларын елемеу
оңай. Логикалық пайымдауларды атап көрсететін оқытушылық амал ретінде ойындар
теориясының айдан анық пайдасы бар. Ал шектеулі ұтымдылық тұжырымдамасына
негізделген зерттеу әдісі ретінде ойындар теориясының елеулі олқылықтары бар.
Экономист Герберт Саймонның еңбегінде алғаш рет 1950 жылы көрініс берген осынау
тұжырымдама көшіріп алынды да, оны халықаралық қатынастарда бихевиористер де,
экономистер де жиі пайдаланды. Шын мәнісінде Саймон экономика ғылымы үшін
дәстүрлі
максимумдаушы,
яки
оңтайландырушы
тәртіп
тұжырымдамасын
қанағаттандырарлық нәтиже табу принципімен алмастыруды ұсынды. Мұның өзі шешім
қабылдаушы адамдарға, олардың әрқайсысы үшін кейбір стандарттарға бір емес, толып
жатқан мақсаттарға сай қол жеткізетін немесе қанағаттандыратын саясатты таңдап ала
алуына және таңдауына жол ашатын еді. Бірақ бұл топшылау шешімдердің статикалық
өзгермейтін дүниеде қабылданатынын көрсетеді. Ал шындығында үкіметтердің
министрлері, трансұлттық корпорациялардың менеджерлері сияқты, биліктің бір емес,
бері салғанда төрт құрылымында бір мезгілде жұмыс істейді, және олар өздігінен
ешқашан статикалық жұмыс болып табылмайды; сондықтан олар көптеген ойындарды бір
мезгілде ойнауға міндетті; және оның үстіне олардың артық көретіні мен әріптес -
ойыншылардың артық көретіні ылғи динамикалық өзгерістер ахуалында болады. Демек,
нақты өмірде шешім қабылдайтын адамдар беймәлімділікті кемітудің түрлі жолдарын
пайдаланып, операциялық шығындарды қысқартуға тиіс, сондықтан зерттеу құралы
ретіндегі ойындар теориясының іс жүзіндегі әлуеті нақты дүниедегі зардаптарды
түсіндіргенде қатаң шектеулі болуы тиіс.