Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қауқарсыз бола түсіп, олар дін мен өркеният ортақтығына жүгініп қолдау табуға жиірек
тырысуда.
Осылайша, өркенияттар жанжалы екі деңгейде өрістеуде. Микродеңгейде өркенияттар
арасындағы сызық бойында тұратын топтар жер үшін және бір-біріне билік орнату үшін
күрес, көбіне қантөгіс күрес жүргізуде. Макродеңгейде әртүрлі өркенияттарға жататын
елдер әскери және экономикалық салалардағы ықпал үшін бәсекелесуде, өздерінің саяси
және діни құндылықтарын бекемдеуге тырыса отырып, халықаралық ұйымдар мен үшінші
елдерге бақылау орнату үшін күресуде.
Өркенияттар арасындағы бөлініс сызықтары
Егер қырғи қабақ соғыс жылдарында дағдарыстар мен қантөгістердің ошақтары саяси
және идеологиялық шекаралар бойында шоғырландырылған болса, қазір олар өркенияттар
арасындағы бөлініс сызықтарына ойысты. Қырғи қабақ соғыс "темір перде" Еуропаны
саяси һәм идеологиялық тұрғыдан бөлген кезден басталды. Бірақ Еуропаның
идеологиялық бөлінуі жойылуы мұң екен, оны, бір жағынан, батыс христиандыққа, екінші
жағынан, православие мен исламға мәдени болу қайта жанданды. Бәлкім, Еуропадағы ең
маңызды болу сызығы, У.Уоллис санайтындай, 1500 жылға қарай қалыптасқан батыс
христиандықтың шығыс шекарасы шығар. Ол Ресей мен Финляндия арасындағы, Балтық
елдері мен Ресей арасындағы қазіргі шекараның бойымен өтеді, Белоруссия мен
Украинаны қақ жарып жатады Трансильванияны Румынияның қалған бөлігінен бөліп
тастап, батысқа қарай бұрылады, содан кейін Югославия арқылы өтіп, қазір Хорватия мен
Словенияны Югославияның қалған жерлерінен бөліп жатқан сызыққа дәлме-дәл дерлік
доп келеді. Балқанда бұл сызық, әрине, Габсбург және Осман империялары арасындағы
тарихи шекараға сәйкес келеді. Бұл сызықтың солтүстігіне және батысына қарай
протестанттар мен католиктер тұрады. Оларда Еуропа тарихының ортақ тәжірибесі бар:
феодализм, Ренессанс, Реформация, Ағарту, Ұлы (француз революциясы, өнеркәсіптік
революция.
Олардың
экономикалық
жағдайы,
әдетте,
шығысқа
қарай
қоныстанғандардікінен әлдеқайда жақсы. Қазір олар ортақ еуропалық экономика
аясындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастыққа және демократиялық саяси жүйелердің
топтасуына үміт арта алады. Сол сызықтың шығысында және оңтүстігінде православиелік
христиандар мен мұсылмандар тұрады. Тарихи жағынан олар Осман немесе патша
империясына тиесілі болатын, және оларға Батыстың тағдырын анықтап берген тарихи
оқиғалардың тек жаңғырығы ғана жетіп жататын. Экономикалық жағынан олар Батыстан
артта қалып келеді және орнықты демократиялық саяси жүйелер құруға кемірек
даярланған секілді. Және қазір мәдениеттің "барқыт пердесі" идеологияның "темір
пердесін" Еуропадағы басты демократиялық сызық ретінде алмастырды. Югославиядағы
оқиғалар мұның тек саяси айырмашылықтар сызығы ғана емес, оқта-текте қантөгіс
жанжалдар сызығы екенін көрсетті.
Батыс пен ислам өркенияттарын бөлетін сызық бойындағы жанжал, міне, 13 ғасыр бойы
созылып келеді. Ислам пайда болғаннан бастап арабтар мен маврлардың Батысқа және
Солтүстікке ентелеуі тек 732 жылы аяқталды. ХІ-ХШ ғасырлар бойы кресшілер Қасиетті
Жерге христиандықты апарып, онда христиандық басқару орнатуға, бірде сәтті, бірде
сәтсіз, талай рет тырысып көрді. XIV-XVII ғасырларда инициатива осман түріктерінің
қолына өтті. Олар өз билігін Таяу Шығыс пен Балқанға таратты, Константинопольді
басып алды және екі рет Венаны қоршап тұрды. Бірақ XIX ғасырда және XX ғ. басында
осман түріктерінің билігі құлдырай бастады. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстың
үлкен бөлігі Англияның, Францияның және Италияның бақылауына өтті.