Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
түрік және малай өркенияттары болып бөлінеді. Осының бәріне қарамастан, өркенияттар
өздері арқылы белгілі бір тұтастықты көрсетеді. Олардың арасындағы шекаралардың
айқындығы сирек, бірақ олар нақты. Өркенияттар серпінді: оларда өрлеу де, құлдырау да
болады, ыдырап та кетеді, қосылып та жатады. Және, әрбір тарихшы - студентке белгілі
екендігіндей, өркенияттар ғайып болады, оларды уақыт құмы сусып келіп көміп тастайды.
Батыста халықаралық сахнаның басты кейіпкерлері ұлт - мемлекеттер деп санау
қабылданған. Бірақ олар бұл рөлді тек бірнеше ғасыр ғана атқарып келеді. Адамзат
тарихының үлкен бөлігі - өркенияттар тарихы. А.Тойнбидің есебі бойынша, адамзат
тарихы өркениятты білген. Осы заманда солардың алтауы ғана бар.
Өркенияттар қақтығысы неліктен сөзсіз болмақ?
Өркеният деңгейіндегі ұқсастық барған сайын маңызды бола түседі де, дүниенің келбеті
едәуір дәрежеде жеті-сегіз ірі өркенияттың ықпалдастығы барысында қалыптасады.
Оларға батыстық, күңфудзышылдық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік-
славяндық, латынамерикандық және, бәлкім, африкалық өркенияттар жатады.
Болашақтың ең елеулі жанжалдары өркенияттар арасындағы бөлініс сызығының бойымен
өрістейді. Неліктен?
Біріншіден, өркенияттар арасындағы айырмашылықтар жай ғана нақты нәрсе емес. Олар -
ең елеулі айырмашылықтар. Өркенияттар өзінің тарихы, тілі, мәдениеті, дәстүрлері және,
ең бастысы, діні жағынан бір-біріне ұқсамайды. Әртүрлі өркенияттардың адамдары Құдай
мен адамның, индивид пен топтың, азамат пен мемлекеттің, әке-шешелер мен балалардың,
күйеуі мен әйелінің арасындағы қатынастарға әртүрлі қарайды, құқықтар мен
міндеттердің, бостандық пен мәжбүрлеудің, теңдік пен иерархияның салыстырмалы
елеулілігі туралы олардың түсінігі әртүрлі. Бұл айырмашылықтар ғасырлар бойы
қалыптасқан. Олар көз жетерлік болашақта ғайып болмайды. Олар саяси идеологиялар
мен саяси режимдердің арасындағы айырмашылықтардан неғұрлым іргелі. Әрине,
айырмашылықтардың жанжалға апарып соқтыруы міндетті емес, ал жанжал міндетті
түрде зорлық-зомбылық деген сөз емес. Алайда, ғасырлар бойы ең ұзақ та қантөгіс
жанжалдар нақ өркенияттар арасындағы айырмашылықтардан туып отыр.
Екіншіден, дүние неғұрлым тар бола түсуде. Әртүрлі өркеният халықтарының арасындағы
ықпалдастық күшейе түсуде. Бұл өркенияттық сана-сезімнің өсуіне, өркенияттар
арасындағы айырмашылықтарды және өркеният аясындағы ортақтықты түсінудің
тереңдеуіне жетелейді. Францияға солтүстік африкалық иммиграция француздар бойында
дұшпандық сезімін туындатты, және сонымен бір мезгілде басқа иммигранттарға -
"Польшадан шыққан ізгілікті католиктер мен еуропалықтарға" мейірбандығын нығайта
түсті. Американдар Канада мен еуропалық елдер жұмсайтын әлдеқайда ірі
инвестициялардан гөрі, жапон капиталының жұмсалуына әлдеқайда тітіркене қарайды.
Барлығы Д. Хорвиц жазған сценарий бойынша жүріп жатыр: "Нигерияның шығыс
аудандарында ибо ұлысының адамы не ибо-оуэрри, не ибо-онича бола алады. Бірақ
Лагоста ол жай ғана ибо. Лондонда ол нигериялық. Ал Нью-Йоркта - африкалық". Әртүрлі
өркенияттар өкілдерінің арасындағы ықпалдастық олардың өркенияттық сана-сезімін
нығайтады, ал бұл, өз кезегінде, тарих тереңіне кететін немесе, бері салғанда, солай
қабылданатын алауыздықтар мен дұшпандықты ушықтыра түсетін нәрсе.
Үшіншіден, дүние жүзіндегі экономикалық жаңғыру мен әлеуметтік өзгерістер процесі
адамдардың мекен-жайымен дәстүрлі ұқсастыруын шая түседі, бір мезгілде ұқсастырудың
қайнар көзі ретінде ұлт - мемлекеттердің ролін әлсірете түседі. Соның салдарынан пайда