Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
арасындағы күресте іске асты, бұлардың ешқайсысы да еуропалық классикалық ұғымдағы
ұлт-мемлекет емес еді. Олардың өзін-өзі ұқсатуы идеологиялық категорияларда
тұжырымдалды.
Билеп-төстеушілер, ұлт-мемлекеттер және идеологиялар арасындағы жанжалдар негізінен
батыс өркенияттарының жанжалы болатын. Улинд оларды "Батыстық азамат соғыстары"
деп атады. Бұл қырғи қабақ соғыстар жөнінде де, дүниежүзілік соғыстар жөнінде де,
сондай-ақ XVII, XVIII, XIX ғасырлардағы соғыстар жөнінде де әділетті. Қырғи қабақ
соғыстың аяқталуымен халықаралық саясаттың дамуының батыстық фазасы да аяқталып
келеді. Енді Батыс пен батыстық емес өркенияттар арасындағы ықпалдастық төрге шығып
келеді. Осынау жаңа белесте батыстық емес өркенияттардың халықтары мен үкіметтері
енді тарих объектілері - батыстық отарлау саясатының нысанасы - ретінде көрінбейді,
олар Батыспен қатар тарихты өздері ілгерілете әрі жасай бастады.
ӨРКЕНИЯТТАР ТАБИҒАТЫ
Қырғи қабақ соғыс кезінде дүние "бірінші", "екінші" және "үшінші" дүниелерге бөлінді.
Бірақ содан кейін мұндай бөлу мағынадан айрылды. Қазір елдерді олардың саяси және
экономикалық жүйелері, экономикалық даму деңгейі бойынша емес, мәдени және
өркенияттық өлшемдерге сүйеніп топтастырған әлдеқайда орынды.
Әңгіме өркеният туралы өрбігенде не нәрсе меңзеледі? Өркеният әлдене мәдени мәніс
болып табылады. Деревнялар, аймақтар, этностық топтар, халықтар, діни қауымдар -
осылардың бәрі мәдени әртектіліктің әрқилы деңгейлерін көрсететін ерекше мәдениетке
ие. Оңтүстік Италиядағы деревня өз мәдениеті жағынан Солтүстік Италиядағы нақ сондай
деревнядан өзгешелене алады, бірақ олар бәрібір итальяндық селолар болып қала береді,
оларды неміс селоларымен шатастыра алмайсың. Өз кезегінде еуропалық елдердің ортақ
мәдени белгілері бар, қытай немесе араб дүниесінен өзгешелейтін солар.
Осы арада біз мәселенің мәнісіне жетеміз. Өйткені батыс дүниесі, араб аймағы және
Қытай неғұрлым кең мәдени ортақтықтың бөлшектері болып табылмайды. Олар өздері
арқылы өркенияттарды көрсетеді. Біз өркениятқа ең жоғары рангтағы мәдени ортақтық
деген, адамдардың мәдени ұқсастығының барынша кең деңгейі деген анықтама бере
аламыз. Адам баласын басқа тіршілік иелерінен өзгешелейтін нәрсе келесі сатыны
құрайды. Өркенияттар объективті қатардағы тіл, тарих, дін, салттар, институттар сияқты
ортақ белгілердің болуымен, сондай-ақ адамдардың өзін-өзі субъективті ұқсастыруымен
анықталады. Өзін-өзі ұқсастырудың түрлі деңгейлері бар: мәселен, Рим тұрғыны өзін
римдік, итальяндық, католик, христиан, еуропалық, батыс әлемінің адамы ретінде
сипаттай алады. Өркеният - адам өзін жатқызатын ортақтықтың мейлінше кең деңгейі.
Адамдардың өзін-өзі мәдени ұқсастыруы өзгеруі мүмкін, нәтижесінде бір немесе басқа
өркенияттың құрамы мен шекарасы өзгереді.
Өркеният адамдардың орасан зор бұқарасын қамти алады - мысалы, Қытай, ол туралы
бірде Л. Пай: "Бұл өзін ел деп көрсеткен өркеният" деген еді.
Алайда ол, Кариб бассейні аралдарындағы ағылшын тілді тұрғындардың өркенияты
сықылды, тым аз сайды да бола алады. Өркеният ұғымы батыс, латынамерикан немесе
араб өркенияттары сияқты бірнеше ұлт-мемлекеттерді, я не Жапония секілді бір ғана ұлт-
мемлекетті қамти алады. Өркенияттардың бір-бірімен араласа, бір-бірін үстей алатыны,
суборкенияттарды қамти алатыны айдан анық. Батыс өркенияты екі негізгі нұсқада:
еуропалық және солтүстікамерикандық нұсқада орын алады, ал ислам өркенияты араб,