Page 14 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ҚАҚ ЖАРЫЛҒАН ЕЛДЕР
Болашақта, белгілі бір өркениятқа тиесілілік адамдардың өзін-өзі ұқсастыруының негізіне
айналған кезде, Кеңес Одағы немесе Югославия сияқты, халқында бірнеше өркенияттық
топтар бар елдер ыдырауға бұйырылады. Бірақ іштей қақ жарылған - мәдениет жағынан
салыстырмалы түрде біртекті, бірақ нақ қандай өркениятқа жататыны туралы мәселеде
келісім жоқ елдер де бар. Олардың үкіметтері, әдетте, "пойыздың басқышына жармасып
үлгеріп", Батысқа қосылғысы келеді, бірақ бұл елдердің тарихы, мәдениеті және
дәстүрлері Батыспен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
Іштей қақ жарылған елдің ең жарқын да тұрпатты үлгісі - Түркия. XX ғасырдың
аяғындағы түрік басшылығы Ататүрік дәстүрлеріне адалдығын сақтап отыр және өз елін
осы заманғы, батыс тұрпатты дүниауи ұлт - мемлекеттер санатына жатқызады. О л
Түркияны Парсы шығанағындағы соғыс кезінде де НАТО бойынша Батыстың одақтасы
етті, ол Еуропалық Қоғамдастыққа елдің қабылдануына күш салуда. Сонымен бір мезгілде
түрік қоғамының жекелеген элементтері ислам дәстүрлерін қайта жаңғыртуды қолдайды
және өзінің негізінде Түркия таяушығыстық мұсылман мемлекеті деп тайталасады. Ол аз
дегендей, Түркияның саяси элитасы өз елін батыстық қоғам деп есептесе, Батыстың саяси
элитасы мұны мойындамайды. Түркия ЕҚ-ға қабылданбай тұр, ал мұның шынайы себебі,
президент Озалдың сөзімен айтқанда, "біздің мұсылман, ал олардың христиан екендігінде,
бірақ олар бұл туралы ашық айтпайды". Меккені қабылдамаған, сондай-ақ өзін Брюссель
қабылдамаған Түркия қайда баруы керек? Жауаптың "Ташкент" болуы әбден ықтимал.
КСРО-ның күйреуі Түркияның алдынан Грекия жағалауларынан Қытайға дейінгі
кеңістіктегі жеті елді қамтитын, қайта түлеп келе жатқан түрік өркениятының
көшбасшысы болудың бірегей мүмкіндігін ашты. Батыстың қот-қоттауымен, Түркия өзі
үшін осынау жаңа ұқсастық шаңырағын көтеруге бар күш-жігерін жұмсауда.
Соңғы онжылдықта Мексика да осыған ұқсас жағдайда болып шықты. Егер Түркия өзінің
Еуропамен тарихи текетіресінен бас тартса, сөйтіп оған қосылуға тырысса, Мексика
бұрын Құрама Штаттарға қарама-қарсы тұру арқылы өзін ұқсастырса, енді осы елге
еліктеуге тырысып, Солтүстікамерикалық еркін сауда аймағына (НАФТА) кіруге
ұмтылуда. Мексика саясаткерлері ғаламат міндетті - Мексиканың ұқсастырылуын
жаңадан тұжырымдаумен айналысуда және осы мақсатпен іргелі экономикалық
реформалар жүргізуде, ол реформалар уақыты жеткенде түбегейлі саяси өзгерістерді ала
келуге тиіс. 1991 жылы президент Карлос Салинастың бірінші кеңесшісі маған
Салинастың үкіметі жүргізіп жатқан өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берген-ді.
Ол әңгімесін бітіргенде мен: "Сіздің сөзіңіз маған қатты әсер етті. Сіздер Мексиканы
латынамерикалық елден солтүстікамерикалық елге айналдырғыларыңыз келетін
секілдісіздер" дедім. Ол маған таңдана қарады да, саңқ ете қалды: "Дұп - дұрыс! Біз нақ
соны істегіміз келеді, бірақ, әлбетте, бұл туралы ешкім ашық айтпайды!". Осынау ескерту
Мексикада да, Түркиядағы сияқты, жаңа ұлттық ұқсастыққа ықпалды қоғамдық күштер
қарсы тұратынын көрсетеді. Түркияда Еуропаға бағдарланған саяси қайраткерлер исламға
қарай ишара жасауға мәжбүр (Озал Меккеге қажылыққа барады). Дәл сол секілді
Солтүстік
Америкаға
бағдарланған
Мексика
көшбасшылары
Мексиканы
латынамерикалық ел деп санайтындарға қарай ишара жасауға мәжбүр (Салинас
Гвадалахарада ұйымдастырған жоғары деңгейдегі иберия-американ кездесуі).
Іштей екіге жарылу тарихи тұрғыдан әсіресе Түркияны терең қамтыды. Құрама Штаттар
үшін іштей екіге жарылған ең жақын ел - Мексика. Жаһандық ауқымда іштей жарылған ең
елеулі ел Ресей болып қала береді. Ресей Батыстың бір бөлігі ме, әлде ол аса ерекше,