Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Осы кезге дейін өркенияттардың топтасуы шектеулі пошымдарда болып келді, бірақ
процесс дамып келеді, және оның болашаққа айтарлықтай әлуеті бар. Парсы
шығанағындағы, Кавказдағы және Босниядағы жанжалдардың жалғасу шамасына қарай,
әртүрлі елдердің позициясы және олардың арасындағы айырмашылықтар барған сайын
көбірек өркениятқа тиесілілікпен анықталып отырды. Популистік ыңғайдағы саяси
қайраткерлер, діни көшбасшылар және бұқаралық ақпарат құралдары осыдан халықтың
қалың бұқарасының өздерін қолдауын қамтамасыз ететін және әрі-сәрі күйдегі
үкіметтерге қысым жасауға мүмкіндік беретін қуатты қаруға ие болды. Таяудағы
болашақта Босния мен Кавказдағы жанжалдар секілді өркенияттар арасындағы бөлініс
сызығы бойынша басталған локалдық жанжалдар ірі ауқымды соғысқа айналып кетуінің
ең үлкен қатерін өз мойнына алатын болады. Келесі дүниежүзілік соғыс, егер ол бұрқ ете
қалса, өркенияттар арасындағы соғыс болады.
Батыс қалған әлемге қарсы
Басқа өркенияттар жөнінде Батыс қазір өз қуатының шырқау шыңында тұр. Оның
бұрынғы оппоненті - екінші астам держава әлемнің саяси картасынан ғайып болды. Батыс
елдерінің арасындағы әскери жанжал миға қонбайды, Батыстың әскери қуатына тең қуат
жоқ. Жапонияны есептемесек, Батыстың экономикалық бәсекелесі жоқ. Ол саяси өрісте,
қауіпсіздік өрісінде, ал Жапониямен бірге - экономика өрісінде де көш басында.
Дүниежүзілік саяси проблемалар мен қауіпсіздік проблемалары АҚШ-тың,
Ұлыбританияның және Францияның басшылығымен, дүниежүзілік экономикалық
проблемалар - АҚШ-тың, Германияның және Жапонияның басшылығымен тиімді
шешіледі. Бұл елдердің барлығы бір-бірімен мейлінше тығыз қарым-қатынаста, ол өз
шеңберіне кіші елдерді, батыс әлеміне жатпайтын елдердің бәрін жолатпайды. БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесі немесе Халықаралық валюта қоры қабылдаған, Батыстың мүддесін
көздейтін шешімдер дүние жүзі жұртшылығына жаһандық қоғамдастықтың өзекті
мұқтаждарына сай келетін шешімдер ретінде ұсынылады. "Дүниежүзілік қоғамдастық"
деген тіркестің өзі "еркін қоғамдастық" деген тіркесті алмастырған эвфемизмге айналды.
Ол АҚШ-тың және басқа батыс елдерінің мүдделерін білдіретін қарекеттерге ортақ
жаһандық заңдылық беруге бағытталған. Халықаралық валюта қорының және басқа
халықаралық экономикалық ұйымдардың жәрдемімен Батыс өзінің экономикалық
мүдделерін іске асырады және экономикалық саясатты басқа елдерге өз қалауы бойынша
телиді. Батысқа жатпайтын елдерде Халықаралық валюта қоры, дау жоқ қаржы
министрлерінің және тағы біреулердің қолдауына ие, бірақ халықтың басым көпшілігі ол
туралы өте жаман пікірде. Г. Арбатов Халықаралық валюта қорының шенеуніктерін
"басқа адамдардың ақшасын қуана - қуана тартып алатын, оларға экономикалық және
саяси тәртіптің бейдемократиялық әрі жат ережелерін таңатын, әрі оларды экономикалық
бостандықтан айыратын жаңа большевиктер" деп сипаттады.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде басымдыққа Батыс ие, сондықтан оның тек кейде Қытай
тарапынан болатын вето жұмсартқан шешімдері Батысқа Иракты Кувейттен қуып шығу
үшін және оның қару-жарағының күрделі түрлерін, сондай-ақ қарудың сондай түрлерін
жасап шығару қабілетін жою үшін БҰҰ атынан күш қолдануға заңды негіздің болуын
қамтамасыз етті. АҚШ-тың, Ұлыбританияның және Францияның Қауіпсіздік Кеңесі
атынан Панамерикан авиаком-паниясының ұшағын жарды деген күдіктілерді ұстап беру
жөніндегі Ливияға қойған талабы бұрын құлақ естімеген дүние еді. Ливия бұл талапты
орындаудан бас тартқанда, оған санкциялар қолданылды. Араб әскерлерінің ең күштісін
тас талқан еткен Батыс ойланбастан бүкіл араб дүниесіне өзінің бар салмағымен қысым
жасай бастады. Шын мәнісіне келгенде, Батыс халықаралық ұйымдарды, әскери қуатты
және қаржы ресурстарын өз басымдығын орната, батыстық мүдделерді қорғай және