Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
тиіс; олардың тек біреуін немесе екеуін ғана қарастыру, әрі кеткенде талдаудың бір
бөлігін жақша сыртына шығарып тастау болса, бері салғанда - халықаралық
қатынастардың нормативтік күрделілігін жете бағаламау болып шығады және соның
салдарынан сыртқы саясатта нормативпен қорғалған таңдауды жүзеге асыруда нақты
қиындық туады деген сөз. Әрқашан, барлық толғамдарда, кез-келген жағдайда қолданыла
алатын өлшем болмайды. Нормативтік плюрализмнен ресми тұлға қашып құтыла
алмайды, оны ғылыми мектептер елемей қоя алмайды; ол Мартин Уайт үш перспектива
туралы ойланғанда өзі сілтеме жасаған нәрсе болып табылады.
ОСЫ ЗАМАНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМ: ҮШ ЭПИЗОД
Жоғарыда көрсетілген жауапты мемлекеттілік тұжырымдамаларын тексеру тәсілдерінің
бірі - олар ХХ ғ. аяғындағы халықаралық қоғамға анықтық бере ала ма дегенді анықтау.
Мысалы, олар мемлекет қайраткерлері 1990 жылдардың басында бетпе-бет келген Парсы
шығанағындағы жанжалдарды, Африка мен Балкан түбегіндегі шиеленістерді түсіну үшін
жарамды ма? Мен осынау эпизодтардың, екінші және үшіншілері осы жұмысты жазу
кезінде өрби түскен эпизодтадың егжей-тегжейіне тереңдеп ене алмаймын. Мен тек
жұмыс барысында олардың халықаралық қоғамдастыққа маңайлауға қатысы бар
ықпалына қысқаша комментарийлар ғана жасай аламын.
Ирак – Кувейт
Тегінде, көптеген адамдар былай дер алар еді: 1991 жылдың қаңтарында Дж. Буш пен
басқа да батыс көшбасшыларының олар Саддам Хусейн әскерлерін Кувейттен қуып шығу
үшін соғыс бастағандағы, олардың негізгі бас ауруы Таяу Шығыс мұнайын алуында
болған үзілістен бұзылған Батыстың өмірлік мүдделері яки, басқаша айтқанда, ұлттық
қауіпсіздік. Бірақ соғыс аталмыш жағдайда барабар қадамға айналды ма? Ирактың
Кувейтке басып кіріп, оккупациялауын жаппай айыптау бүгінде мемлекет
қайраткерлерінің көпшілігі өз әріптестерінен БҰҰ Хартиясына сыйлауды және
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауды күтетінін көрсетті. Басқаша айтқанда,
бұл эпизодта Иракқа халықаралық жауапкершілік нормасы қолданылды, өйткені Ирактың
тәртібі жалпы алғанда агрессия актысы, сондықтан ол Хартияны бұзу ретінде
қарастырылды.
Бұл жағдайдың басқа бір қырын түсіндіру керек болады: солтүстік Ирактағы халықаралық
әскери интервенция Парсы шығанағында "ашық аспан" орнату және ирак армиясынан
курдтарды қорғау мақсатындағы соғысты ала келді. Ирактың солтүстігінде де,
оңтүстігінде де "ұшудан ада аймақтар" белгіленді. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі рұқсат
берген осынау қарекеттерді осы заманғы халықаралық қатынастарда гуманитарлық
жауапкершілікті күшейту деп бағалауға болады. Бірақ қарастырылып отырған эпизодтың
басты ерекшелігін атап өтпеуге болмайды: мұндай қимылдарды жеңімпаздар - аталмыш
жағдайда БҰҰ-ның қауіпсіздік Кеңесі мен оның атынан қимылдаған мемлекеттер
"коалициясы" - жеңілген мемлекеттің аумағында әскери интервенция жүргізу құқығын
талап ете алатын соғыс нәтижесінде күтуге болады. "Коалиция" Ирактың бүкіл аумағына
әскери мақсаттарда басып кірді. Ирак агрессор деп саналды және Парсы шығанағындағы
соғыста жеңілу нәтижесінде оны өзінің барлық аумағын бақылау құқығынан айыру (аз
уақытқа болса да) керек болатын. Мұндай тәпсір солтүстік Ирактағы интервенцияны
шектен шыққан және, бәлкім, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында біріккен астам
державалар Германияда істеген гуманитарлық қарекеттерден тым өзгешелене қоятын
нәрсе емес етті. Екінші жағынан, бұдан кейін қауіпсіздік Кеңесінің Босния-Герцеговинада