Page 7 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
алады: олар - халықаралық қоғамның жақсы мүшесі болу; басқа мемлекеттердің, тіпті
олар сенің мемлекетіңнің мүдделеріне қайшы келсе де, сенікімен тең, сыйлауға лайық,
құқықтары мен заңды мүдделері бар екендігін мойындау; ізгі сенім жолында қимылдау;
халықаралық құқықты бұзбау; агрессорларды жазалау; соғыс заңдарын бұзбау; кең пейілді
жеңімпаз болу және т.б. Бұл нормативтік талаптар жауапкершілік халықаралық құқықпен
және мемлекеттер арасындағы дұшпандықтың, кекшілдіктің, диалогтың тиісті
нормаларымен анықталатын мемлекеттер қоғамын сипаттайды.
Мемлекеттік істерді жауапты басқарудың осынау өлшемі іс жүзінде халықаралық этика,
ол мемлекет өзінің аса маңызды құқықтары мен пайдаларын алатын халықаралық
қоғамның мүшесі болып табылатын фактысынан туындайды. Жекелеген мемлекет
қайраткері халықаралық қоғам мен оның мүшелері алдында жауапты екендігіне сенімнің
норматив™ негізі қандай? Қарапайым жауап саяси міндеттеме теориясынан туындайды:
мемлекеттердің басқа мемлекеттер мен бүтіндік ретінде халықаралық қоғамның алдында
сыртқы міндеттемелері болады, бұл сол қоғамға мүшелік пәрменімен туындайды, ал қоғам
туралы ол мемлекеттер арасындағы келісімге негізделген деуге болады. Осылайша
анықталған конвенциялық сыртқы міндеттемелер егемендер мен азаматтар арасындағы
ұлттық келісімдерге тәуелді емес, сондықтан мемлекет қайраткерінің ішкі
міндеттемелеріне де тәуелді емес, сондықтан мемлекет қайраткерінің ішкі
міндеттемелеріне де тәуелді емес. Бұл - адам құқықтары, бірақ олар егемен
мемлекеттердің халықаралық келісімдерімен белгіленеді; сол себепті жақсы халықаралық
азамат болу үшін адам құқықтарын сыйлау қажет.
Адами жауапкершілік
Бұл тұжырымдамаға сәйкес ресми тұлға - ең алдымен адам, сондықтан оның іргелі міндеті
адам құқықтарын тек сыйлау емес, бүкіл дүние жүзінде қорғау болып табылады. Сыртқы
саясаттық баға берудегі бұл нормативтік талап Кант ережелеріне жүгінеді: олар - басқа
елдегі адамдар да тура өзің сияқты екенін әрқашан есте ұстау; қоғамдық моральды сақтау;
адам құқықтарын сыйлау; өзіңе нұқсан келтірмей-ақ көрсете алатын материалдық көмекке
мұқтаждарға көмектесу; соғыс қимылдары кезінде бейкомбатанттарды аяу және басқалар.
Осынау нормативтік қағидалар дүниежүзілік қоғамды сипаттайды, онда жауапкершілік
адамзат нәсіліне жатумен, яғни, ортақ моральмен анықталады.
Мемлекеттік істерді жауапты басқарудың космополиттік өлшемі халықаралық
жауапкершілік аясынан әрі кетеді. Бұл ресми тұлғаның өзі адам болғандықтан ғана емес,
ол басқа елдердегі өзінің таныстарына көмектескісі немесе кедергі жасағысы келген
жағдайда басқалармен салыстырғанда оңтайлы жағдайда тұрғандықтан да болады.
Мемлекеттік тұлғаның бүкіл дүние жүзінде адам құқықтарын сақтауға жауапты екендігіне
сенімділіктің нормативтік негізі қандай? Қарапайым жауап саяси міндеттеме теориясынан
туындайды; мемлекеттің әрбір ресми тұлғасы және азаматы - ең алдымен кәдуілгі адамдар
Бұл, сөз жоқ әрбіреу орындауға тиісті негізгі адами міндеттерден туындайды. Адамзат
баласының өкілі ретіндегі олардың (ресми тұлғалардың ) төл міндеттерін атап көрсету
үшін жаратылыстық құқықты парасат пен сананың әмбебап құқығын және ресми тұлға
басқалардан кем сыйламауға тиісті жаратылыстық құқықтарды еске түсірген орынды.
Егер суреттелген өлшем мен ол көлденең тартатын талаптар жай ғана академиялық
толғамдар емес, оперативті норма болса, осы заманғы халықаралық қатынастарда
нормативтік дилеммалар мен жанжалдарды күтуге тура келетіні айқын болады.
Халықаралық қатынастардың кез-келген нормативтік талдауы жауапкершіліктің басқа
өлшемдерін де, осынау барлық үш өлшемін де оперативті болуы мүмкін деп қарастыруға