Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. САВИЦКИЙ. ЕУРАЗИЯЛЫҚТЫҢ ГЕОГ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
шеттерінің аймақтық қатпарлануы "мозаикалық - бөлшекті", сондай-ақ едәуір күрделі
нобайлармен ерекшеленеді. Табиғи ахуалдағы орманды жерлер бұл арада, бір жағынан,
далалық және шөл аймақтармен, екінші жағынан, тундралық аудандармен (биік тауларда)
кезектесіп алмасып отырады. Бұл "мозаикаға" Ескі Дүниенің орталық жазықтарында
аймақтардың салыстырмалы түрде қарапайым, "туға ұқсас" орналасуы қарсы тұр. Осынау
соңғы нобайлауымыз арқылы біз мына жағдайды көрсетеміз: картаға түсіргенде ол
көлденең жолақтарға бөлінген тудың нобайын еске салады. Бұл арада оңтүстіктен
солтүстікке қарай шөл, дала, орман және тундра бірін бірі алмастырып жатады. Осынау
аймақтардың әрқайсысы біртұтас кең жолақты құрайды. Орыс дүниесі жалпы ендік
бөлшектенуін қалған жазықтарды оңтүстіктен көмкерген тау жоталарының - Қырым
жотасы, Кавказ, Копетдаг, Парапамиз, Гинчукуш, Тянь-Шаньнің негізгі жоталары,
Тибеттің солтүстік шетіндегі, Ин-Шаньдегі, Ұлы Қытай қорғаны төңірегіндегі
жоталардың - көбіне-көп ендікті бойлай созылуы бедерлей түседі. Алдыңғылармен бір
сызықтың бойында орналасқан соңғы аталған жоталар Гоби шөлі алып жатқан биік
жазықта оңтүстігінен көмкеріп жатыр. Ол Жоңғар қақпасы арқылы Түркістан жазығымен
байланысады.
Ескі Дүние материгінің аймақтық құрылысында өзіндік ерекше шығыс - батыс
симметриясының белгілерін байқауға болады, олар шығыс шеттегі құбылыстардың
орналасуы ба тыс шеттегі құбылыстардың орналасуына ұқсастығынан көрінеді және
материктің орта бөлігіндегі құбылыстардың си патынан өзгешеленеді. Материктің шығыс
шеті де, батыс шеті де (Қиыр Шығыс та, Еуропа да) солтүстік ендіктің 35 және 60
градустарының арасында табиғи ахуалдағы орманды алқап болып келеді. Бұл арада
бореалды ормандар оңтүстік флора ормандарымен тікелей жанасып, біртіндеп соларға
айналады. Ал орталық дүниеде біз ондай ештеңені байқамаймыз. Онда оңтүстік флора
ормандары тек оның таумен көмкерілген аймағында ғана бар (Қырым, Кавказ, Түркістан).
Және олар солтүстік флора немесе бореал ормандарымен, біртұтас далалық - шөлдік
жолақпен бөлінгендіктен, ешқашан жанаспайды. Осылайша, Ескі Дүниенің орталық
дүниесін Карпаттан Хинганға дейін үздіксіз сызық боп созылып жатқан, таулармен
(оңтүстігінде) және солтүстікке қарай орналасқан (орманды және тундралы өңірлер)
аудандармен көмкерілген дала һәм шөл белдеуі ретінде анықтауға болады. Еуразиялықтар
бұл дүниені осы сөздің дәл мағынасымен Еуразия деп атайды (Eurasia sensu stricto). Оны
А.фон Гумбольдтың бүкіл Ескі материкті қамтитын ескі "Еуразиясынан" (Eurasia sensu
latiore) айыра білу қажет.
Еуразияның батыс шекарасы қаратеңіз - балтық мойнағы, яғни, материктің тарылған
(Балтық және Қара теңіздер арасында) тұсындағы аймақ арқылы өтеді. Осы мойнақтың
бойымен, жалпы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығыс бағытында, бірқатар көрнекі
ботаникалық-географиялық шекара, мысалы, тистің, буктың және айұрықтың шығыс
шекарасы өтеді. Олардың әрқайсысы Балтық теңізінің жағалауынан басталып, Қара теңіз
жағалауына жетеді. Аталған шекаралардан батысқа қарай, яғни, әлі жоғарыда айтылған
өсімдік түрлері өсетін жерлерде орманды алқаптың созылуы солтүстіктен оңтүстікке
қарай өне бойы үзілместен жалғаса береді. Олардан шығысқа қарай солтүстікте орманды
өңірге, ал оңтүстікте далалық өңірге тармақтану басталады. Осынау шепті Еуразияның
батыс шекарасы деп есептеуге болады, яғни, оның Қиыр Шығыстағы Азиямен шекарасы
Тынық мұхитқа жақындаған сайын бірыңғай далалық белдеуді ығыстыру бойлығына
(Хинган бойлығына) көше береді.
Еуразия дүниесі дегеніміз "аймақтардың периодтық және сонымен бір мезгілде
симметриялық жүйесінің" дүниесі. Негізгі еуразиялық аймақтар шекаралары белгілі бір
климаттық шептер өтетін жерлердің жатуына айтарлықтай дәлдікпен үйлеседі. Осылайша,