Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. САВИЦКИЙ. ЕУРАЗИЯЛЫҚТЫҢ ГЕОГ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Кейінгі мақалаларда еуразиялықтардың шығыстық және батыстық бастаулардың рухани
талдауын беруге ұмтылысы туралы айтылады. Бұл арада осынау талпынысқа геосаясат
саласы беретін сәйкестіктерді көрсету маңызды. Ресей - Еуразия Ескі дүниенің кіндігі. Бұл
кіндікті және оның барлық бөлшектерін жойсаңыз, бүкіл материктер шет өңірлер жүйесі
(Еуропа, Алдыңғы Азия, Иран, Үндістан, Үндіқытай, Қытай, Жапония) өзіндік бір
"шашып жіберілген ордаға" айналады Еуропа шекарасынан шығысқа қарай және
"классикалық " Азияның солтүстігіне қарай орналасқан осынау дүние " солардың бәрін
бірлікке ұйыстыратын буын. Бұл қазіргі заманда айдан анық, болашақта ол одан да бетер
айқын бола түседі. "Кіндік дүниенің" байланыстырушы және біріктіруші рөлі тарихта да
таңбасын қалдырған. Бірқатар мыңжылдықтар бойында Еуразия әлемінде саяси басымдық
көшпенділер жағында болды. Еуропа шекарасынан Қытай шекарасына дейінгі барлық
кеңістікті басып алған, бір мезетте Алдыңғы Азиямен, Иранмен және Үндістанмен
жанасқан көшпенділер әуел баста шашыраңқы отырықшы мәдениет тер әлемінің арасында
делдал қызметін атқарған және айта кетелік, Иран мен Қытай арасындағы өзара
ықпалдастық тарихта ешқашан монгол үстемдігі дәуіріндегідей (XII-XIV ғ.ғ.) соншалық
тығыз болмаған. Моңғолиядағы ең жаңа қазбалар көрсеткеніндей, содан он үш - он төрт
ғасыр бұрын эллип мен қытай мәдениеттерінің сәулелері толығымен және тек қана
көшпелі еуразиялық дүниеде қиылысатын. Бұлжымас фактылардың пәрменімен орыс
әлемі Ескі Дүние аясында біріктіруші рөл атқаруға бұйырылған. Ресей-Еуразия өзінің
осынау парызын қаншалықты жүзеге асыра алатын шамада ғана, Ескі материктегі сан
түрлі мәдениеттердің жиынтығы табиғи біртұтас дүниеге айнала алады және айналады,
Шығыс пен Батыстың арасындағы қарсы тұрушылық жойылады. Осынау жағдай біздің
заманда әлі жеткілікті түсініле қойған жоқ, бірақ онда білдірілген ара қатынас заттар
табиғатында жатыр. Бірігу міндеттері дегеніміз бірінші кезекте мәдени жасампаздық
міндеттері. Ескі Дүние кіндігінде орыс мәдениеті арқылы біріктіруші және бітімгершілік
рөлге жаңа да дербес тарихи күш ие болды. Ол өзінің міндетін тек төңірегіндегі барлық
халықтармен ықпалдастықта шеше алады. Бұл тұрғыда ол үшін Шығыстың мәдениеті де,
Батыстың мәдениеті де соншалық маңызды. Орыс мәдениеті мен геосаясатының
ерекшелігі - Шығыс пен Батысқа осындай бір мезгілдік және бір қалыпты жақындықта.
Ресей үшін бұл оның тең құқықты екі: батыстық және оңтүстік-шығыстық қанаты. Бүкіл
Ескі Дүниені бірдей және толық дәрежеде қамтитын көзқарас, негізінен, орыстық көзқарас
бола алады және болуға тиіс.
Алайда, таза географиялық сипаттағы құбылыстарға оралайық. Орыс "кеудесімен"
салыстырғанда Еуропа мен Азия бірдей дәрежеде Ескі Дүниенің шет жағы болып
табылады. Және де Еуропа, орыс-еуразиялық тұрғыдан қарағанда, жоғарыда айтылғандай,
орыс шекарасынан батысқа қарай, ал Азия - оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай
жатқанның бәрі. Ал Ресейдің өзі Азия да емес, Еуропа да емес - еуразиялықтардың негізгі
геосаяси тұжырымы осындай. Сондықтан да "еуропалық" және "азиялық" Ресей деген
жоқ, қайта оның Оралдың батысына және шығысына қарай орналасқан бөліктері бар,
сондай-ақ Енисейден батысқа және шығысқа қарай орналасқан және т.б. бөліктері бар.
Еуразиялықтар былай жалғастырады: Ресей Азия да, Еуропа да емес, қайта ерекше
географиялық дүние. Осынау дүние Еуропа мен Азиядан несімен өзгешеленеді? Ескі
материктің Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеттері өз жағалауларының мейлінше
тілімденуімен де, рельеф пошымдарының жуандығымен де өзгешеленеді. Ал оның,
айтқанымыздай, - Ресей- Еуразияны құрайтын негізгі "кеудесі" туралы тіпті де олай дей
алмайсың.
Ол бірінші кезекте үш жазықтан (Ақ теңіз - Кавказ, Батыс Сібір және Түркістан), содан
кейін олардан шығысқа қарай созылатын аймақтардан (оның ішінде Енисей өзенінен
шығысқа қарай созылған аласа таулы өңірлер) тұрады. Материктің батыс және шығыс