Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Н. Данилевский. РЕСЕЙ ЖӘНЕ Е

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
топтастырып жіктеуде бұл топқа орын жоқ. Жануарлардағы қаңқа да, өсімдіктердегі гүл
де, тіпті, олар қаншалық маңызды, қаншалық елеулі болсын, алайда, - олардың болуының
немесе болмауының негізінде - бөлінетін нәрсенің - жануарлар және өсімдіктер
патшалығының бүкіл өрісін қамтитын нышан деп есептеле алмайды.
Енді жаһандық тарих ғылымындағы барша қабылдаған жүйені бағалауға көшемін.
Барлық тарихи құбылыстар мен фактыларды жалпылама топтастыру соларды ежелгі, орта
және жаңа тарихқа бөлуден тұрады. Осылайша болу жаратылыстық жүйенің жоғарыда
айтылған талаптарын қаншалықты қанағаттандырады? Ежелгі тарихты орта және жаңа
тарихтан бөлу негізіне Батыс Рим империясының күйреуі алынған. Ең жаңа тарихи
шығармаларда, әрине, 476 жылмен бірге тарих сахнасында шымылдық жабылды да,
соның ізін ала жаңа пьеса басталды деп көрсетілмейді; алайда мәністің өзінің баяндауды
осылай жақсартудан ұтатыны шамалы. Шымылдық қаншалықты баяу әрі бірте-бірте
жабылса да, осылай жабылу шамасына қарай жаңа пьеса өзінің талас-тартысымен ескі
пьесаның бойына өрілсе де, мәселе мынада: бүкіл сахнаны тұмшалап жауып тастау үшін
шымылдық жеткілікті үлкен бе, және де бұл үшін жеткілікті үлкен әлдеқандай басқасын
табуға бола ма? Батыс Рим империясының күйреуінде Қытайдың не шаруасы бар,
Үндістанның не шаруасы бар? Тіпті Евфраттың арғы бетіндегі көрші елдер үшін - Парфия
патшалығының күйреп, Сасанидтер патшалығының пайда болғаны Батыс Рим
империясының күйрегенінен әлдеқайда маңызды емес пе еді? Осы империя құлады ма,
құламады ма, Арабиядағы орасан зор салдарлары болған діни төңкеріс бәрібір болмай
қояр ма еді? Ең бастысы - осы империяның күйреуі онсыз да дәурені өткен Ежелгі Мысыр
мен Грекияның тағдырын Рим бұл дүниеде мүлдем болмағандай-ақ тіршілік етіп жатқан
Үндістан мен Қытай тағдырымен құбылыстардың бір тобына қосақталған. Қысқасы,
Батыс Рим империясының күйреуі, ол өздігінен-ақ қаншалық алуан мағыналы
болғанымен, бүкіл бөліну өрісін қамтитын бөлу принципін құрай ма? Жауап, қажеттігі
бойынша, теріс ыңғайда болады. Айдан-анық нәрсе: бұлай болатыны принциптің жаман
таңдалғанынан емес (ең жақсысы қабылданған болатын), бүкіл адамзаттың тағдырын
қандай да болсын бөліктерге бөліп тастай алатын оқиға жалпы жоқ екендігінде; өйткені,
шындап келгенде, күні бүгінге дейін жалпы адамзаттық бірде-бір оқиға бір мезгілде
болған емес, тегінде, ешқашан болмас та. Тіпті, христиандықтың өзі - бүгінге дейін
адамзат тағдырына орасан зор ықпал етіп келген және болашақта оны толық қамтуға тиіс
құбылыс - әрбір халық тағдырының тарихи шекарасына әрқилы замандарда айналған.
Егер христиандықты Пасты тарихи шекара ретінде қабылдасақ, онда жалғыз ғана
халықтың өмірін басты шаруасына айналдырған Рим тарихы екі бөлікке бөлініп кетер еді,
ал екінші бөлік біріншісінің одан арғы дамуы - соның нәтижесі, ол нәтижені оның күні
өткен бастауларын қайтадан қоздыра алмайтын христиандық идеяның Рим өміріне
енгізілуі де елеулі түрде өзгерте алмайтын еді. Сонымен, тарихты ежелгі (бір тараптан)
және орта мен жаңа (екінші тараптан) деп бөлу біз тарихи шекара ретінде қандай оқиғаны
басшылыққа алмайық, бәрібір, өсімдіктерді ашық некелі және құпия некелі немесе
жануарларды омыртқалы және омыртқасыз деп бөлгеніміз секілді, жаратылыстық жүйенің
бірінші талабын қанағаттандыра алмайды. Шынында да, ежелгі тарих Линнейдің нағыз
құпия некесі, оған (гүлі жоқ болғандықтан қозықұйрықтың папоротникпен біріктірілгені
секілді) гректер Батыс Рим империясы құлағанға дейін өмір сүргендіктен ғана
мысырлықтармен және қытайлықтармен қосақтап енгізілген.
Бір топтың құбылыстары өздерінің арасында, басқа топқа жатқызылған құбылыстарға
қарағанда неғұрлым ұқсас болсын деген екінші талап та жарытып орындалмаған.
Шынымен-ақ Грекия мен Рим тарихы ең жаңа Еуропа тарихынан гөрі, Мысырдың
тарихымен, тіпті Үндістанның және Қытайдың тарихымен неғұрлым ұқсас әрі
байланысты болғаны ма? Бұған әбден күмән келтіруге болады. Бірақ, жаһандық тарих