Page 7 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Н. Данилевский. РЕСЕЙ ЖӘНЕ Е

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Жер ғаламның кіндігі деген жалған ұғым Коперниктің жаратылыстық жүйесімен
алмастырылған бойда, яғни, әрбір аспан денесі астрономдардың да ақыл-ойында өзіне
лайық орынға қойылған бойда, іле-шала сол денелердің Күннен салыстырмалы
қашықтығын анықтау мүмкіндігі ашылды; ал Күннен сол планетаның өз орбитасының
әртүрлі нүктелеріндегі қашықтығын салыстыру, әрқилы болып шыққан қашықтықтар
тұсында оның қозғалысының жылдамдығын салыстыру және айналып шығу уақытын
әртүрлі планеталардың қашықтығымен салыстыру - Кеплердің дүниеге түзету енгізген үш
заңының нәтижесі болды, егер Коперник жүйесінің көмегімен олардың әрқайсысы өзінің
нағыз орнына қойылмаса, оларды ақыл қаптаған фактылардан, сол фактылар қаншалықты
жеткілікті болса да, және олар сол мақсат үшін қаншалықты дәл болса да, қаншалықты
тырысса да аршып ала алмас еді. Жаратылыстық жүйені жануарлар мен өсімдіктер
организмдерін зерттеуге қолдану да дәл сондай нәтижелер берді. Ол жүйесіз анатомияда
да, физиологияда да ешқандай қорытулар мүмкін болмас еді. Білімнің осы салаларында
алынған әрбір факт оқшау, тұл болып қалып, тек жиналған материалдардың орасан
мөлшерін ұлғайта түсер еді; ал салыстырмалы анатомия мен физиология ғылымдарының
өзі мүмкін болмас еді. Сонымен, егер біз ғылым жүйесін ғылымның өзін ықшамдау - оның
елеулі мазмұны білдірілетін және оның жетілгендік дәрежесі бейнеленетін ықшамдау деп
санауға хақылы болсақ, егер осының барлық фактыларын нұрландыратын сәуле сол
жүйеге тәуелді болса, онда тарих жүйесі жаратылыстық жүйенің негізгі талап¬тарын
қаншалықты қанағаттандыра алатынын қарастырып көрелік. Әуелі, есті логиканың да
талаптары болуға тиіс екендігі бесенеден белгілі сол талаптарды атап-атап шығайын.
1. Болу принципі бөлінетін нәрсенің бүкіл өрісін қамтып, оның аса өзекті нышаны ретінде
соған енуге тиіс.
2. Бір топтың барлық дүниелері немесе құбылыстары өздерінін арасында, басқа топқа
жатқызылған құбылыстарға немесе дүниелерге қарағанда, көбірек ұқсастық пен тектестік
дәрежесіне ие болуға тиіс.
3. Топтар біртекті, яғни олардың мүшелерін біріктіретін тектестік дәрежесі аттас топтарда
бірдей болуға тиіс.
Соңғы екі талап өз-өзінен түсінікті. Бірақ, бірінші талап, бәлкім, біршама түсіндіруді
қажет ететін болар. Егер болу принципі ретінде алғаш көзге шалынған нышанды алып,
сонымен бір топты сипаттасақ, басқаларының бәрін сол нышанның жоқтығымен
сипаттасақ, онда мұндай әдіс тұсында әрбір нышан, әрине, бөлудің бүкіл өрісін қамтитын
принцип деп атала алады. Бірақ мұндай теріс ыңғайдағы сипаттамаға жаратылыстық жүйе
де, тіпті қарапайым естілік те жол бермейді. Мәселен, жануарларды торт аяғы бар және
торт аяғы жоқ деп бөлуге болады. Бірінші Төрт аяқтылар тобы дегеннің қисыны бар, бірақ
екіншісі екі-екіден аяғы бар адамды да, қоразды да, алты сирағы бар қоңызды да, он
сирақты шаянды да, тіпті бірде-бір аяғы жоқ устрицаны да тіршілік нелерінің бір санатына
қамтыр еді. Мұндай кісі күлерлік бөлуде екі қателік жіберілер еді: бірінші қателік, болу
принципі ретінде оншалық елеулі емес нышан алынған, ал екінші қателік, топтардың
біреуі оң ыңғайдағы ештеңемен сипатталмаған, онда белгілі кемістіктен өзге ортақ ештеңе
жоқ. Жүйені жарамсыз ету үшін осы екінші қателіктің өзі жетіп жатыр. Мәселен,
қаңқаның болуы - аса елеулі нышан және жануарлар патшалығының әбден-ақ
жаратылыстық тобын анықтайды; бірақ қаңқасы жоқ барлық жануарлардың әртектілігі
соншалық оларда қаңқаның болмауы біріншісіне қарама-қарсы олардан бір дербес топ
құруға ешқандай құқық бермейді. Сол секілді өсімдіктер патшалығында да нағыз гүлі
болмағандықтан тек теріс ыңғайдағы нышанымен сипатталатын құпия некелі топ өзіне
қозықұйрықты да, желпуіш папоротникті де, жұмсақ мүкті де - сыртқы түрі жағынан да,
ішкі құрылысы жағынан да мүлдем әртекті өсімдіктерді біріктіреді, сондықтан да есті