Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Н. Данилевский. РЕСЕЙ ЖӘНЕ Е

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Н.Л.ДАНИЛЕВСКИЙ
РЕСЕЙ ЖӘНЕ ЕУРОПА
IV тарау
Еуропалық өркеният жалпы адамзаттық өркениятпен бірдей ме?
(1822-1885), орыс жаратылыстанушы ғалымы, ойшыл, публицист. Царское село лицейін,
артынан Петербург университетінің жаратылыстану факультетін бітірген. 1849 ботаника
магистрі дәрежесін алған. Фурьенің социалистік идеяларымен әуестенуінің салдарынан
сол жылы жазда тұтқындалып, Петропавл қамалында жүз күн отырып шықты. Осыдан
кейін ол ресейлік солшыл радикалдық идеялардың әрқилы нұсқаларына әрқашан сын
көзбен қарайтын болды. Ғылыммен түбегейлі айналысты. тіпті балық шаруашылығы
туралы заң түзуге жетекшілік етті.
Данилевскийдің ең белгілі шығармасы "Ресей және Еуропа ".
Николай Яковлевич ДАНИЛЕВСКИЙ
Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия біздің ақыл-ойымызда әлдебір қарама-қарсылық,
кереғарлық секілді көрінеді. Батыс, Еуропа прогрестің, тынымсыз жетілудің, үздіксіз
ілгерілеудің үйегі; Шығыс, Азия - осы заман адамдарына соншалық жексұрын тоқырау
мен надандықтың үйегі. Бұл ешкім күмән келтірмейтін тарихи-географиялық аксиома,
және осы заманғы ғылымның жолын қалтқысыз ұстанған орыс атаулы тоқырау мен
надандық өрісіне жатқызып жіберілуі мүмкіндігін ойласа, бойын үрей билейді. Өйткені,
егер Батысты таңдамасаң, Шығысты қалағаның; Еуропаны таңдамасаң, Азияны қалағаның
- бұл арада орташа қалау жоқ; Еуропа-Азия, Батыс-Шығыс деген жоқ, болған күннің
өзінде, орташа жағдай кімге дәрі. Тоқырау мен надандықтың қоспасы атаулы зиянды да
тажалды. Сонымен, дауысымыз жеткенше айғай салайық: біздің өлке - еуропалық,
еуропалық, еуропалық өлке, прогресс бізге өмірімізден де қымбат, тоқырау ажалдан да
жиіркенішті, прогресшіл, еуропалық, жалпыадамзаттық өркенияттан өзге құтқарылу жоқ,
одан тыс тіпті ешқандай өркенияттың болуы мүмкін емес, өйткені одан тыс прогресс жоқ.
Басқаша сөйлеу - ең зиянды күпірлік, ол күнәһарды өртеп жібермегеннің өзінде, бері
салғанда, ойлай білетіндер қоғамынан аластатылуға тиіс, соның астам менсінбеуіне лайық
күпірлік. Және осының бәрі - үстірт екені соншалық, тіпті жоққа шығарудың өзі барып
тұрған сандырақ. Мен әлгінде ғана айтқанмын: дүниені бөліктерге бөлу, оның жалғыз
критериумын құрлық пен теңіз арасындағы қарама-қарсылық құрайды, ол физикалық
табиғат беретін, барлық басқа айырмашылықтарды (топографиялық, климаттық,
ботаникалық, зоологиялық, этнографиялық және басқа айырмашылықтарды)
қамтымайтын, тіпті оларды қаперге де алмайтын критериум, демек, осының жалғыз
өзімен-ақ дүниенің бөліктері олардың біреуін басқасына қарама-қарсы қоюға боларлық
қасиеттерді білдірмейді, білдіре де алмайды, еуропалық, азиялық, африкалық тұрпат
дегенің біз бүтінге оның бөлшектерінің қасиеттерін телитін метафора ғана. Тағы бір
мысал келтірелік. Өзінің кеңістігінің коп бөлігінде адамзат қоғамының дамуына аса
қолайсыз болып келетін Африканың өзінде - Мысыр және жалпы Жерорта теңізінің
жағалауы шындап келгенде мәдениетке ең жоғары дәрежеде қабілетті өңірлер. Мен
сондай-ақ Еуропаға тіпті дүниенің бір бөлігі деген мәніс беріле де алмайтынын, ол тек
Азияның бір бөлігі екенін, онда да оның басқа бөліктері өзара қаншалық өзгешеленсе,
соншалық қана өзгешеленетін бөлігі екенін, сондықтан ол логиканың барлық
ережелерінен аттап өтпей, өзінің әртекті бүтініне қарсы қойыла алмайды деген