Page 14 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Н. Данилевский. РЕСЕЙ ЖӘНЕ Е

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
барынша қалаған дәлдікпен анықтай алады, тіпті тек өзінің кейбір бөліктерінде ғана
солардың зерттеуін арқау ете отырып, кометалардың жолын да шамамен анықтай алады;
бірақ олар бүкіл Күн жүйесінің қозғалысы жөнінде, оның да қозғалатынынан және осы
қозғалыстың бағыты туралы кейбір жорамалдарынан басқа, не айта алмақ? Сонымен,
тарихтың жаратылыстық жүйесі оны даму дәрежесінен бөлудің басты исі ізі ретінде
дамудың мәдени-тарихи тұрпаттарына айыра иілуде жатуға тиіс, сол тұрпаттар ғана
(тарихи құбылыстардың жиынтығы емес) тек солар бойынша бөліне алады.
Осынау тұрпаттарды тауып алып, атап шығудың ешқандай қиындығы жоқ, өйткені олар
баршаға мәлім. Тек олардың бірінші дәрежелі мәні ғана мойындалмай келді, ол мән,
жаратылыстық жүйенің және тіпті жай ғана естіліктің ережелеріне кереғар, даму
дәрежелері бойынша қалай болса і олай, және, өзіміз көргендей, мүлдем жосықсыз
бөлінді. Хронологиялық тәртіппен орналастырылған осынау мәдени-тарихи тұрпаттар
немесе өзіндік өркенияттар мынадай:
1) мысырлық, 2) қытайлық, 3) ассириялық-вавилон-фимикиялық, халдейлік, яки ежелгі
семиттік, 4) үнділік, 5) ирандық, 6) еврейлік, 7) гректік, 8) римдік, 9) жаңа семиттік, яки
арабтық және 10) герман-романдық, яки еуропалық тұрпаттар. Бұларға, тегінде, екі
американдық тұрпатты: зорлықпен құртып жіберілген, сөйтіп өзінің дамуын аяқтай
алмаған мексикалық және перулік тұрпаттарды қосуға болар еді. Осынау мәдени-тарихи
тұрпаттарды құраған халықтар ғана адамзат тарихындағы оң ыңғайдағы қайраткерлер
болды; олардың әрқайсысы түу бастан өз бетінше дамыды, өзінің рухани табиғатында да,
өзі тап болған ерекше сыртқы жағдайларда да жатқан бастауларды дербес жолмен
дамытып, сонысымен ортақ қазынаға өз үлесін қосты. Олардың арасында оқшауланған
тұрпаттарды сабақтас тұрпаттардан яки өркенияттардан айыра алуға тиіспіз,
соңғыларының қызметінің жемісі келесі тұрпат дамуға тиіс болған топырақтың құнарын
арттыратын немесе тыңайтатын материал ретінде... бірінен екіншісіне беріліп отырды.
Мұндай сабақтас тұрпаттар: мысырлық, ассириялык-вавилон-финикиялық, гректік,
римдік, еврейлік және герман-романдық, яки еуропалық тұрпаттар. Мәдени-тарихи
тұрпаттардың бірде-бірі шексіз прогресс артықшылығына бұйырылмағандықтан және
әрбір халықтың талқаны таусылғандықтан, дер кезінде бірін екіншісі алмастырып отырған
және оның үстіне христиандықтың жаратылыстан тыс дарынына ие болған осы бес немесе
алты өркенияттың дәйекті еңбегімен қол жеткізілген нәтижелер қытайлық және үнділік
өркенияттар секілді мүлдем оқшауланған өркенияттардан, сол соңғылардың біреуінің
өзінің ғұмыры әлгілердің бәрінің ғұмырының қосындысына тең болса да, әлдеқайда асып
түсуге тиіс болатын. Батыстық прогресс пен шығыстық тоқыраудың ең қарапайым да
табиғи себебі, менің ойымша, міне осында. Алайда осынау барынша оқшауланған мәдени-
тарихи тұрпаттар да өмірдің неғұрлым бақытты бақталастарына дәл сол шамада тән
болмаған жақтарын дамыта алып, сонысымен адам рухының жан-жақтылығына
жәрдемдесті; прогресс дегеніміздің өзі де міне осында. Шығыстан Еуропаға арабтар
арқылы көшірілген жаңалықтар мен өнертабыстарды айтпағанның өзінде (мысалы, цифр
таңбаларының ондық жүйесі, компас, жібек өндіру, бәлкім тіпті оқ-дәрі мен гравюра
секілді), үнді поэзиясы мен архитектурасы бүкіл адамзат өнерін байыту деп есептемеуге
тиіс пе? Гумбольдт өзінің "Космосының" екінші бөлімінде, егер бұдан сәл ертерек белгілі
болса, үнділік ғалымдардың алгебрада ашқан жаңалықтары еуропалық ғылымдарды
байыту болар еді деп атап өтеді. Бірақ білімнің басқа бір саласында еуропалық ғылым
шын мәнінде үнділік ғалымдарға коп қарыздар, атап айтқанда: лингвистикада соншалық
маңызды рол атқаратын түбірлер жөніндегі ұғымды үнді грамматиктері әзірлеген.
Бірақ, біз адамзат тарихындағы оң ыңғайдағы қайраткерлер деп атаған осынау мәдени-
тарихи тұрпаттар да оның құбылыстарының бүкіл шеңберін қамти алмайды. Күн
жүйесінде планеталармен қатар оқта-текте пайда болып, содан кейін ұшы-қиырсыз