Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Н. Данилевский. РЕСЕЙ ЖӘНЕ Е

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
қайта мүлдем әрқилы архитектуралық стильдерге: готикалық, грекиялық, мысырлық,
византиялық және т. т. стильдерге сәйкес келеді.
Осы стильдердің баршасы мінсіздіктің бірдей дәрежесіне жетуге қабілетті болмағанымен
және олардың арасында өнердің сәбилік ахуалына сәйкес келетіндері де болғанымен,
алайда, олар туралы, солар архитектураның дамуындағы баспалдақтар қызметін атқарады
деп, оларды біз қатарға, кейінгі мүше атаулы алдыңғыдан мүлтіксіз болып, оның дамуы
мен жетілуін құрайтын қатарға орналастыра алмаймыз. Архитектуралық стильдер
арасында олар туралы тек бұлардың әрқайсысы өз тұрғысынан тамаша және солардың
баршасы өздері арқылы өнердің дәйекті даму баспалдақтарымен ғана жетілуге ғана емес,
әсемдіктің әрқилы тұрпаттарына ие бола отырып, сан алуан бола түсуге қабілетін
көрсетеді деуге болатындары бар. Дәл сол секілді жануарлар топтарының арасында
бастапқы түрдегілер (инфузориялар, губкалар) мен Сәуле секілділер (кораллдар,
медузалар, теңіз жұлдыздары) секілді абсолютті төмен және омыртқалылар секілділер
(сүтқоректілер, құстар, балықтар) абсолютті жоғары тұрпаттылар бар болса, моллюсктер
(қауашақтар) мен коп мүшелілер (жәндіктер, шаяндар, бунақ құрттар) секілді қайсысы
ұйымдасудың жоғары баспалдағын көрсететіндігін кесіп айту қиын тұрпаттар да бар.
Организмнің бір жағы біреулерінде жақсы дамыған, екіншілерінде екінші жағынан жақсы
дамыған. Ұйымдасу тұрпаттары туралы бұл ұғым кейін өсімдіктерге де таратылады, және
жалпы - даму дәрежесі, ұйымдасуының жетілуі арқылы анықталатын топтарды жоспар
ерекшелігі, даму тұрпаттары арқылы анықталатын топтарды ажыратып алмай, зоологияда
да, ботаникада да жаратылыстық жүйе мүмкін емес.
Даму дәрежелерін даму тұрпаттарынан осылай ажыратпай, тарихи құбылыстарды
жаратылыстық топтастыру да мүмкін емес. Тарихи жүйенің әлгінде ғана айтылған негізгі
кемшілігін осындай ажыратудың жоқтығы құрайды. Тарихты ежелгі орта және жаңа деп
бөлу, тіпті оған ең ежелгі және ең жаңа деп болу немесе жалпы даму дәрежесі бойынша
бөлу - оның бүкіл бай мазмұнын сарқып бітіре алмайды. Өсімдік пен жануарлар
дүниесінің пошымдары секілді, адамзат өнерінің пошымдары секілді (архитектура
стильдері, көркемсурет мектептері), тілдер пошымдары секілді (бір буындылар,
қосымшалар, жұрнақтар), жақсылықтың, ақиқаттың және сұлулықтың (әбден-ақ, дербес
және біреуі екіншісінің дамуы деп санала алмайтын) тұрпаттарын жүзеге асыруға
тырысатын рухтың өзінің көріністері секілді адамзаттың тарихи ғұмырының пошымдары
жылдар ағымына қарай өзгеріп, жетіле түсіп қана қоймайды, мәдени-тарихи тұрпаттары
бойынша да сан алуан болып келеді. Сондықтан, шынына келсек, бір ғана тұрпаттың
ішінде, немесе, былайша айтқанда, өркеният ішінде ғана - тарихи қозғалыстың ежелгі,
орта және жаңа тарих деген сөздермен нобайланатын пошымдарын ажыратуға болады.
Бұлай болу тек бағынышты болу, ал ең бастысы діни, әлеуметтік, тұрмыстық өнеркәсіптік,
саяси, ғылыми, көркемдік, қысқасы тарихи дамудың мәдени-тарихи тұрпаттарын,
былайша айтқанда, дербес, өзіндік жоспарларын айыра білуде. Шынында да, Римнің
өзінің қирап қалған жұртында пайда болған роман-герман және таза германдық
мемлекеттерге оның аса зор ықпалына қарамастан, Еуропа тарихы құрып кеткен Рим
дүниесі бастауларының одан әрі дамуы ма? Тарихи құбылыстардың жаңа ғана
санамаланған категорияларының қай саласын алып қарасаңыз да, барлық жерде басқа
бастауларды кездестіресіз. Христиан діні папалық сипатқа ие болды, және де Рим
епископының бұрын да папа деген атауы болғанымен, папалық оны біз қазір қалай
түсінетінімізбен таразыласақ, роман-герман заманында ғана қалыптасты, және бұл үшін
өзінің бастапқы мәні мен мағынасынан мүлдем ауытқуға тиіс болды. Қоғамдық таптар
арасындағы қатынастар мейлінше өзгерді, өйткені қоғам ежелгі дүниеде өзіне сәйкес
ештеңе таба алмайтын феодализм негізінде құрылды. Құлық, салт, киім-кешек, өмір
салты, қоғамдық және жеке сауық-сайран Рим заманындағыдан мүлдем өзге сипатқа ие
болды. Батыс Рим империясы құлағаннан кейін үш жүз жылдан соң ол Карл монархиясы