Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.макиндер. ТАРИХТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
Осы заманғы Еуропаның саяси картасында байқалатын ең маңызды кереғарлық - бір
жағынан, осынау құрлықтың жартысын алып жатқан Ресейдің ұлан-байтақ кеңістігінің
және, екінші жағынан, батысеуропалық елдер алып жатқан ұсақ аумақтар тобының
арасындағы кереғарлық. Физикалық тұрғыдан келгенде бұл арада, әрине, шығыстың
жыртылмаған ойпаттарының және жер шарының осы аймақтағы қалған бөлігінің
жиынтығын құрайтын таулар мен аңғарлардың, аралдар мен жарты аралдардың
байлығының арасында кереғарлық бар. Бір қарағанда сіздерге осынау таныс фактылар
арқылы табиғи орта мен саяси ұйымның арасындағы байланыстың айдан анықтығы
соншалықты, тіпті ол туралы, әсіресе Орыс жазықтығында суық қысқа ыстық жазға
қарама-қарсы тұрғандығын және сол себепті адам тіршілігінің жағдайлары өмірге
қосымша біркелкілік енгізетінін еске алсақ, айтудың өзі қажетсіз болып көрінуі мүмкін.
Сөйте тұра бірқатар тарихи карталар, мысалы, Оксфорд атласындағы карталар бізге,
Ресейдің еуропалық бөлігінің шығысеуропалық жазықпен дөрекі сәйкес келуі кездейсоқ
еместігін көрсетеді, әрі бұл соңғы жүз жылда бола қойған дүние емес, одан да ерте
замандарда мұнда саяси бірігуде мүлде басқа тенденция орын алған болатын.
Мемлекеттердің екі тобы бұл елді әдетте солтүстік және оңтүстік саяси жүйелерге
бөлетін. Гәп мынада, орографиялық карталар Ресей аумағында адамның көшіп-қонуы мен
қоныстануын ең соңғы кезде дейін бақылаған ерекше физикалық өзіндікті көрсетпейді.
Қар көрпесі осынау кең байтақ жазықтықтан біртіндеп солтүстікке шегіне бастағанда, оны
жаңбыр алмастырады, олар Қара теңіз жағалауында әсіресе мамыр мен маусымда күшті
болса, Балтық пен Ақ теңіз өңірінде шілде - тамыз айларында жиірек жауады. Оңтүстікте
ұзақ та құрғақ жаз үстемдігі орнайды. Осындай климаттық режимнің салдарынан
солтүстік және солтүстік-батыс аудандарды қойнауларында аракідік көлдер мен батпақтар
кездесіп отыратын ормандар басса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңір ағашты тек өзен
жағаларынан ғана көруге болатын ұшы - қиырсыз шөпті дала болып келеді. Осынау екі
өңірді бөлетін сызық Карпаттың солтүстік ернеуінен басталып, Оралдың солтүстігінен
гөрі, оңтүстік аймақтарына таман аяқталатын диагонал бойынша солтүстік-шығысқа
қарай тартылады. Ресейдің шегінен тыс жерде осынау ұлан-ғайыр орман шекарасы кеңдігі
800 мильге тең (яғни, Балтық және Қара теңіздердің арасындағы қашықтық) еуропалық
мойнақтың орта дерлік тұсынан өтіп, батысқа кетеді. Онан кейін, қалған еуропалық
аумақта, ормандар Германияның солтүстігіндегі аңғарларды алып жатады, оңтүстікте
далалар Карпаттың етегінде ұлы Трансильвания қамалын қалыптастырады де, бүгінде
румын егістері жайқалған Дунайға, сонау Темір қақпаға дейін созылады. Жергілікті халық
арасында "пушта" деген атпен белгілі және қазіргі кезде белсенді түрде өңделетін бөлек
бір далалық аймақ Венгр жазықтығын иеленген; оны орманды Карпат және Альпі
тауларының тізбегі көмкереді. Ал Ресейдің батысында, қиыр Солтүстікті қоспағанда,
орман тазалау, батпақ құрғату және игерілмеген жерді көтеру бұрын көзге ұрып тұратын
айырмашылықты бәсеңдете отырып, бертінде ғана ландшафттың сипатын айқындады.
Ресей мен Польша орман алаңдарында пайда болды. Сонымен бірге, мұнда V ғасырдан
бастап XVI ғасырға дейін Азияның қашық та беймәлім түкпірлерінен далалар арқылы
Орал таулары мен Каспий теңізінің аралығы құрайтын қақпамен тұрандық көшпелі
халықтар - ғұндар, аварлар, болгарлар, мадьярлар, хазарлар, печенегтер, кумандар,
монголдар, қалмақтар - үздіксіз өтіп отырды. Аттила билік құрған заманда ғұндар
пуштаның ортасында, даланың ең шалғай "дунайлық" жазираларында орнығып, сол
жерден Еуропаның отырықшы халқына солтүстік, батыс және оңтүстік бағыттарда соққы
беріп отырды. Осы заманғы тарихтың үлкен бөлігі сол жорықтардың тікелей немесе
жанама салдарларынан туындаған өзгерістерге түсінік ретінде ғана жазыла алады. Нақ сол
кезде англдар мен сакстардың теңізді кесіп өтіп, және Британ аралдарында Англияның
негізін қалауға мәжбүр етілуі әбден мүмкін. Азиялықтарға қарсы күрес туындатқан ортақ