Page 11 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.макиндер. ТАРИХТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
далалықтардың бір орталықтан шыққан шапқыншылықтарын алмастырып отыр. Бұл
дүниеде ол Еуропадағы Германия сияқты, орталық стратегиялық орын алып отыр. Ол
солтүстіктен басқа барлық бағытта соққы бере алады және бір мезгілде өзі де соққы ала
алады. Оның темір жолдармен байланысты белсенділігінің түпкілікті дамуы тек уақыттың
ғана мәселесі. Ешқандай да әлеуметтік революция оның тіршілік етуінің ұлы
географиялық шекараларына көзқарасын өзгерте алмайды. Ресей билеушілері өз
құдіретінің шегін дұрыс түсініп Аляскадан бас тартты, өйткені Британияға мұхит төсінде
үстемдік құру қандай тән болса, орыс саясаты үшін теңі і сыртындағы жерлерге билік
жүргізбеу шын мәнінде ережеге айналды.
Осынау өзекті аудан шегінен тыс жерде Германия, Австрия, Түркия, Үндістан және Қытай
құрайтын үлкен ішкі жарты ай және Британия, Оңтүстік Африка, Австралия, Құрама
Штаттар, Канада және Жапония құрайтын сыртқы жарты ай бар. Қазіргі баланс ахуалында
өзекті мемлекет - Ресей, шеткі мемлекеттерге тең дәрежеде емес, бұл арада таразының
екінші басында Франция тұр. Құрама Штаттар күні кеше шығыстық державаға айналды.
Еуропадағы күштер балансына олар тікелей емес, Ресей арқылы ықпал етеді, және де
олардың Миссисипи мен Атлантиканың ресурстарын Тынық мұхитқа құю үшін Панама
каналын салатынына еш қандай күмән жоқ. Бұл тұрғыдан келгенде шығыс пен батыстың
арасындағы нақты бөлу сызығын нақ Атлантикадан іздеу керек.
Еуро-Азияның шекаралық аймақтарына өзекті мемлекеттің экспансиясынан көрінетін
күштер балансының сол мемлекеттің пайдасына бұзылуы, орасан зор континенттік
ресурстарды флот құру үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Осының арқасында көп
ұзамай біздің көз алдымызда әлемдік империя тұрады. Бұл егер Германия Ресейге одақтас
қосылғысы келген жағдайда орын алады. Міне сондықтан мұндай одақтың пайда болу
қатері Францияны теңіз әрекеттерінің құшағына итеруі тиіс, сонда Франция, Италия,
Мысыр, Үндістан және Корея мықты бірлестік құрады да онда флот армияны қолдап
отырады, сайып келгенде өзек бойынша одақтастарды бүкіл қуатын теңізде
шоғырландырудан тартындыра отырып, өздерінің құрлықтағы күштерін нығайтуға
мәжбүр етеді. Егер неғұрлым қарапайым салыстыру келтірсек, онда бұл Веллингтонның
Торрес Вердас базасынан жүргізген ұрыс барысындағы қарекетін еске салады да, ал
Үндістан Британ империясы жүйесінде сондай рөл атқара алмай ма? Британия үшін ұрыс
қимылдарының майданы Қайырлы Үміт мүйісінен Үндістан арқылы Жапонияға дейін
созылып жатыр дейтін мистер Америдің тұжымдамасының негізінде осы идея жатқан жоқ
па?
Бұл жүйеге Оңтүстік Американың орасан зор мүмкіндіктерінің дамытылуы шешуші
ықпал ете алады. Бір жағына олар Құрама Штаттардың позициясын нығайта алады,
екінші жағынан, егер, әрине Германия Монро доктринасымен пәрменді тайталаса алатын
болса, олар Берлинді, мен өзекті одақ саясаты ретінде көрсеткен нәрседен бөліп әкете
алады. Державалардың аймақтық комбинацияларының бұл арада маңызы болмайды. Мен
мынаны кесіп айтамын: географиялық тұрғыдан олар өзекті мемлекетті шеңбер бойымен
айналып тұратындай бірдеңе істейді, ол мемлекет қалай болғанда да ұлы держава болып
табылады, бірақ өзін қоршаған шекаралық және аралдық державалармен салыстырғанда
оның белсенділігі шектеулі болады. [...]
Қорыта келе мынаны атап өту қажет: Ресейдің бақылауын ішкі континенттік бақылаудың
қандай да бір жаңа түрімен алмастыру осынау өзекті позицияның маңызын кемітпейді.
Егер де мысалы, қытайлар Жапонияның көмегімен Ресейді талқандап, оның аумағын
басып алса, онда олар ұлы континенттің ресурстарына мұхит байтағын қосып, осынау