Page 7 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
түспейтін уәжбен жауап қайтара аламыз. Көпшілік пен азшылықтың құқықтары мен
міндеттерінің қайнар көзі бірлескен қызмет, егер де бірлескен қызмет жөнінде келісім
болмаса, онда құқық та, міндет те жоқ.
Бұл арада уәждеу әлі нүктеде қатып қалған сыңайлы болады. Қазіргі жағдайда көпшіліктің
үстемдігіне де, ол үстемдікті шектеуге де қандай да бір моральдық негіз телуге болмайды.
Бірақ біз ойымызды шамалы жұмылдырсақ, бұл тығырықтан шыға аламыз. Жоғарыдан
айтылған бірлескен қарекет жөніндегі келісім туралы ойды жолымыздан алып тастап, біз
азаматтарды қазір іс жүзінде қандай келісім біртұтас етіп біріктіре алар еді деп сұраймыз.
Бұған біз жеткілікті және сонымен бірге көпшіліктің белгілі бір өрісте, бірақ бұл өрістен
басқа өрісте басымдығын ақтауға жеткілікті жауап аламыз. Ең алдымен осынау
шектеулердің дереу көлденеңдеп тұра қалатындарын атап өтейік.
Барлық ағылшындардан діни оқуды енгізу немесе көпшілікке діни сенімді және оның
пошымын белгілеу үшін бірлескен қарекет жасауға келісесіз бе деп сұраңыздаршы, - көп
бөлігі бірден-ақ жоқ деп жауап қайтарады. Егерде сән-салтанатқа қарсы заңдарды қайта
тірілту жөніндегі ұсыныс бойынша киім материалының үлгісі мен санасын таңдау кезінде
көпшіліктің ырқына бағынуға келісу жөнінде анкета енгізілсе, жұрттың бәрі теріс жауап
берер еді. Дәл сол секілді (осы заманғы өмір сұрағын алайық) барлық ағылшындардан
сіздер не ішу керектігі жөнінде көпшіліктің шешіміне бағынар ма едіңіздер деп сұрап
көріңіздер, әрине жартысы және тіпті жартысынан көбі: жоқ дер еді. Мұндай қарекеттерді
атқару немесе реттеу үшін ынтымақтастық жасау тілегі қаншалықты ауқымды
болғанымен, бұл тілек тіпті де бірауызды болмас еді. Сондықтан, егер біздің өзіміз
бірлескен қызметке келісімге қол жеткізуден бұрын әлеуметтік кооперация
ұйымдастыруды ойластырып, өзіміздің мақсатымызды анық белгілеп алуға тиіс болсақ,
адамзат қызметінің кооперация құруға өзіміз де келіспейтін азшылықтан заңды басым
түсуі орын ала алмас еді.
Енді қарама-қарсы сұраққа көшейік: жұрттың бәрі қандай мақсатқа бола бірлесіп қарекет
жасауға келісер еді? Шетелдік шапқыншылықтан қорғану үшін кооперацияға келісу іс
жүзінде бірауызды болатынын ешкім де жоққа шығармайды. Кезінде зор пайда әкелген,
қазір азая бастаған квакерлерден басқа бәрі де қорғаныстық (бірақ шабуылдық емес)
соғыс үшін бірігер еді және барша сол арқылы сол мақсатқа қол жеткізу үшін қолдану
керек болатын шаралар жөнінде көпшіліктің ырқына бағынуға міндеттенер еді. Іс жүзінде
дәл сондай ауызбірлік ішкі жаулардан қорғану үшін бірлескен қарекетке келісімде де
көрінер еді. Қылмыскерлерден басқа әркім өзінің кісілігі мен меншігі қорғалуын тілеуге
тиіс. Қыскасы, әрбір азамат өмір сүру және сол өмірден ләззат алу үшін езінің өмірін
күзетуді, өзіне қажет заттарды күзетуді, және сол заттарды пайдалану, сондай заттар алу
бостандығына қол тигізілмеуін қалайды. Ол, егер оқшау қарекет жасаса, мұны істей
алмайтындығы айдан анық. Егер ол оз елінің азаматтарымен бірлеспесе, сырттан жасалған
шапқыншылыққа қарсы дәрменсіз, осындай одаққа кірмей ішкі жаулардың
қаскүнемдіктерінен өзін қорғау қиын да, қауіпті де, нәтижесіз де болар еді. Бірлескен
қарекеттің жұрттың бәрі мүдделі тағы бір саласы бар: ол тұрып жатқан аумақтан пайда
алу. Егер де қазір, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегідей, жерді жеке адамдардың
немесе топтардың пайдалануына ортақ бақылау болса, онда жер телімдері азық-түлік
өндіруге, немесе қатынас құралдарына, яки қандай да бір басқа мақсаттарға қызмет ететін
шарттарды анықтауда көпшіліктің шешімі заңды түрде басым болар еді. Жеке меншіктің
дамуының арқасында мәселе күрделілене түскен қазірдің өзінде мемлекет бәрібір тиісті
бағасын төлеп кайтып алу немесе экспроприациялау құқығы бар басты меншік иесі (заң
алдында әрбір жер иесі қазынаның жалгері) болып қалып отыр. Бұдан шығатын
қорытынды: көпшіліктің ырқы жерді әртүрлі мақсатта пайдалануға болатын тәсілдер мен