Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
айдан-анық. Ассоциация атаулының істерін әділетті басқару негізделетін ортақ принцип
мынадай: оның мүшелері біреуі басқалардың алдында, әркім өзі үшін, қандай да бір басқа
мақсаттарда емес, өздері көздеп қоғамдастыққа кірген мақсаттың жүзеге асырылуына
қатысты барлық істерде көпшілікке бағынады. Келісім тек сол шектерде ғана күшінде
болады. Шынында да, келісімнің сипатының өзі оны жасаушылар өзінің міндеттемелерін
күні бұрын білуін талап ететіндіктен, белгілі бір мақсат үшін басқалармен бірігетіндер
ассоциация кенеттен көздеуі мүмкін белгісіз мақсаттарды күні бұрын білмейтіндіктен,
мұнан шығатын қорытынды: қол қойылатын келісім осынау, күні бұрын белгіленбеген
мақсатқа таратыла алмайды. Ал ассоциация мен оның мүшелерінің арасында осынау күні
бұрын белгіленбеген мақсаттар жөнінде егжей-тегжейлі айқындалған келісім болмаған
жағдайда, азшылықты сол мақсаттарға жетуге қызмет етуге мәжбүрлейтін көпшілік ең қан
қайнатар тиранияға жазықты болар еді.
Егер көпшіліктің құқықтары жөніндегі ұғымдарды мұндай шатастыру ассоциацияның
келісім шарты ол билікті өздігінен шектейтін жерде орын алып отырса, ондай келісімшарт
жасалмаған жерде ондай шатастыру неғұрлым күшті болуға тиіс екендігі түсінікті. Соған
қарамастан, принцип өзгермейтін күйінде қала береді. Мен мынадай қағиданың болуын
талап етемін: ассоциация мүшелері, басқа бір мақсаттар үшін емес, өздері қоғамдастыққа
кірген мақсаттардың орындалуына қатысты барлық, істерде көпшіліктің ырқына бағынуға
міндеттенеді және мынаны кесіп айтамын: бұл қағиданы, қандай да бір жеке қоғамға
қолданылатыны секілді, тұтас ұлтқа да қолдануға болады.
Мен тағы бір қарсылықты да күні бұрын сезіп отырмын: "Адамдар ұлт болып біріккенде,
ассоциацияда орын алатыны секілді, ешқандай келісімшарт жоқ болғандықтан, сол
бірігудің мақсаты ешқашан анықталмағандықтан және анықтала алмайтын болғандықтан,
ешқандай шектеу көзделе алмайтын еді, демек, көпшіліктің билігі шектелмеген".
Әлбетте, Гоббс қабылдаған пошымдағы да, Руссо ойлап тапқан пошымдағы да әлеуметтік
келісімшарт мүлдем негізсіз екенін мойындауға тиіспіз. Ол-ол ма, тіпті ондай келісімшарт
жасалған күнде де, ол соны жасағандардың ұрпақтарын матай алмайтынын мойындауға
тиіспіз. Мұның үстіне, егер біреу-міреу сол билікті ассоциация актысынан туындайтын
шектеу болмаса, өзінің ырқын азшылыққа күшпен таңуға көпшілікке ештеңе де бөгет
болмайды десе, мұнымен келісуге тура келеді, алайда, оған, егер көпшіліктің көп күші
оны ақтауға қызмет ететін болса, онда жеткілікті қаһарлы болады. Бірақ біз өзіміздің
проблемамыздан қашықтап барамыз. Біз бұл арада азшылықтың материалдық мәжбүрлеу
алдындағы дәрменсіздігінен гөрі, оның көпшілікке бағынуының қандай да бір неғұрлым
келелі акталуын іздеп отырмыз. Остиннің өзі, оң ыңғайдағы заңның даусыз беделін
орнықтыруға тырысып және бұл бедел абсолютті монархиялық, аристократиялық,
конституциялық немесе халықтық жоғары биліктен шығады дей отырып, сайып келгенде
осынау жоғарғы биліктің қауым жөніндегі қарекетінің моральдық шегі бар екендігін
мойындауға мәжбүр болады. Өзінің теориясын қатаң ұстана отырып, ол халық
қойнауынан шыққан жоғарғы жиналыстың "өзінің ырқымен және өзінің қалауымен
халықтың саяси бостандығын шектеуге заңды бостандығы бар" дегенді кесіп айтады, ол
позитивтік мораль үкіметтің өзі өкілі болып отырған немесе "өзінің бодандарына
сыйлайтын" саяси бостандықты бұрмалауына кедергі жасай алатынымен келіседі. Демек,
көпшіліктің жалған заңды құдіреттілігіне материалдық емес, моральдық ақтау табу керек
Бұл жөнінде маған әрине мынадай дау айтады: "Келісім атаулының және сонымен
байланысты шектеудің жоқтығынан, көпшіліктің билігі ештеңемен шектелмейді, өйткені
әділет азшылықтың емес, көпшіліктің ырқы орындалуын та¬лап етеді". Бұл уәж, оны
теріске шығарғанша, әбден парасатты болып көрінеді. Алайда біз келісім болмағандықтан,
көпшіліктің басымдығы деген нәрсе мүлдем болмайды де¬ген, негізділігі жағынан кем