Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
"Мұрсат беріңіз, дегенді естимін мен барлық жақтан, көпшіліктің өзі сайлаған
парламентіне даусыз құқықтар беретін даусыз құқығы бар".
Осы арада біз мәселенің мәнісіне де жеттік. Парламенттердің құдайдан шыққан құқығы
дегеніміз көпшіліктің Құдайдан шыққан құқығы екен. Заң шығарушылардың да,
халықтың да толғануы үшін негізгі ой, көпшіліктің шектеусіз құқықтары бар деген кәміл
сенім екен. Жұрттың бәрі дәлелсіз-ақ, өздігінен айдан анық ақиқат ретінде қабылдаған
теория осындай. Соған қарамастан, менің ойымша, сын осынау жалпы жұрт қабылдаған
пікір түбегейлі өзгеруге тиіс екенін көрсетеді.
"Review of Edim bourg" басылымында 1854 жылы қазанда жарияланған "Темір жолдар
әкімшілігінің негіздері" атты мақаламда мен акционерлік компаниялардың қарекет салтын
мысал ете отырып, көпшіліктің өкілеттіктері туралы айтудың орайын тапқан едім, сол
мақаладан мына бір үзіндіні келтіруден артық өзіме жасаған қорытындыларға жол аша
алмаспын:
"Адамдардың белгілі бір тобы қандай жағдайда және қандай мақсатпен бірлесіп жұмыс
істемесін, біз, егер олардың арасында алауыздық туа қалса, азшылықтың емес,
көпшіліктің ырқы орындалуын әділет талап етеді дейміз және бұл ережені, даулы
мәселенің сипаты қандай болса да, барлық жағдайда қолданыла алады деп санаймыз. Бұл
сенімнің бекіп алғаны соншалық, ол туындайтын принципке тым аз ой жүгіртілгені
соншалық, оның негізділігіне күмән коп адамды қайран қалдырар еді. Ал осы екі арада
мәселені үстірт қарастырудың өзі бұл пікірдің саяси соқыр сенімнен басқа ештеңе
еместігіне көзімізді жеткізеді. Біз көпшілік құқығы таза шартты және белгілі шекте ғана
қолданылатын құқық екендігін түп-тұқиянына дейін дәлелдей алатын мысалдарды оп-
оңай табамыз. Айталық, қандай да бір филантропиялық қоғамның жиналысында
ассоциация кедейлердің тағдырын жеңілдетіп қана қоймайды, оның үстіне, уағыздар
жолымен, Англиядағы папизммен күресетін болады деген шешім қабылданыпты делік.
Ассоциацияға шапағатшылдық ретінде қатысатын католиктердің садақасы осы мақсат
үшін заңды негізде пайдаланыла ала ма? Енді былай деп топшылайық, көпшілік
кітапханаларын ашу жөніндегі комитетте оның мүшелерінің көпшілігі орын алып отырған
жағдайда кітап оқығаннан гөрі, нысана көздеп атуды үйрену неғұрлым маңызды деген
сенімге бой алдырып, ассоциацияның мақсатын өзгертуді, сөйтіп қолындағы қаржыға
дәрі, оқ және нысана алуды ұйғарса - оның басқа мүшелері осы шешімге бағынуға тиіс
бола ма? Тағы да айталық, Австралиядан алынған хабарлардың ықпалымен, еркін
арендаторлар қоғамындағы көпшілік алтын жүлгелерін пайдалануға толық құрамымен
аттануды ғана емес, қоғамның капиталын кеме жабдықтауға пайдалануды да ұйғарды
делік. Меншікті осылай басып алу азшылық жөнінде әділетті деп санала ала ма? және
азшылық экспедицияға қосылуға міндетті ме? Осынау сауалдардың біріншісіне, оның
үстіне басқаларына "иә" деп жауап беруге біреу-міреу бел байлай алар ма екен. Және бұл
түсінікті де, өйткені әрбір адам мына қағиданы мойындауға тиіс: адам басқаларға
қосылғанының жалғыз өзімен-ақ ол ассоциацияға кірген кезде ойлағаннан мүлдем басқа
қарекетке тартыла алмайды. Әрбір азшылық жоғарыдағыдай өзіне қысым жасағысы
келетіндерге мүлдем әділетті түрде былай дей алады: "Біз сіздермен белгілі бір мақсат
үшін біріктік; біз сол мақсатқа жету үшін өзіміздің ақшамызды, өзіміздің уақытымызды
бердік; соған қатысы бар барлық мәселелерде біз көпшілік ырқына сәйкес болуға келістік,
бірақ басқа мәселелер бойынша бұған келісімімізді берген емеспіз. Егер сіздер бізді
өздеріңізге белгілі бір мақсатпен қосылуға көндіріп, содан кейін біз ескертілмеген
мақсатты көздейді деп ұйғарсаңыздар, онда сіздер жалған сылтаулармен біздің
қолдауымызға ие болғыларыңыз келеді; сіздер біздің арамыздағы ашық немесе үндемей
білдірілген келісімді бұзып отырсыздар, сондықтан осы сәттен бастап біз сіздердің
шешімдеріңізге тәуелді емеспіз". Мәселені бірден-бір ұтымды түсіндіру осы екендігі