Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Герберт СПЕНСЕР
КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ
(1820-1903) - ағылшын эволюционист-философы. Дербиде туған, дербес сабақ беретін
қадірлеп мұғалім ұлы. Өте қатаң да қатал тәрбие, шашаусыз білім алған. Ұстаздары - әкесі
мен нағашысы. Әуелі темір жолда инженер болды, 28 жасында "Экономист " апталығы
редакторының орынбасарлығына тағайындалды. Ол 36 жыл бойы көз майын тауысып
жазған "Синтетикалық философияның" 14 томын қазір ешкім оқымақ түгілі, көзге де
ілмейді. Оның "Өмірбаянында" (1889) 400000 соз бар. Спенсер феномен болын табылатын
құбылыстардың бәрін өзінің эволюция философиясына - ламаркизмге негізделген
философиясына енгізеді. Спенсер Виктория заманындағы әлеуметтану пайғамбары болды.
Спенсердің пікірі бойынша, қоғам дегеніміз - өмір сүріп, өсе беруге тиіс, ол күрделі бола
түскен сайын, өзінің ойдағыдай дамуының механизмдерін өзі түсініп, өзі басқаруға тиіс.
IV. Ұлы саяси соқыр сенім
Өткен замандар саясатының ұлы саяси соқыр сенімі монархтардың құдай берген құқығы
болатын. Біздің заманның ұлы соқыр сенімі - парламенттердің құдай берген құқығы.
Құдайдың батасы, тегінде, бір бастан көп басқа мүлдем көзге шалынбай сырғып кетіп,
олардың ездерін де, олардың декреттерін де мүриттерге айналдырған болуы керек.
Осынау соқыр сенімдердің біріншісін ұлттық сенім деуге болады; бірақ оның екіншісіне
қарағанда қисындырақ екенін мойындамауға болмайды. Егер біз монарх құдай, немесе
құдайдың ұрпағы болған, яки құдайдың елшісі болған замандарға оралсақ - біз оның
ырқына немқұрайды мойынсұнудың негізді себептерін барлық жерден табамыз. Мысалы,
Людовик XIV патшалық құрған заманда Боссюэт секілді теологтар корольдер - құдайлар
және құдайдың тәуелсіздігіне біршама ие деп үйреткен, немесе, бір кездердегі
біздіңторилар секілді, адамдар "монарх - аспанның елшісі" дегенге сенген замандарда
осынау алғышарттан мемлекеттің билігі үшін шек болмайды деген міндетті байлам
жасалғандығы айдан анық. Бірақ осы заманғы принципті бұлай қорғауға болмайды.
Тегіміз құдайдан деп те, құдай берген миссиямыз деп те сілтеме жасай алмайтын заң
шығарушы корпус өзінің шексіз билікке
дәмесін заңдастыру үшін жаратылыстан тыс беделге жүгіну мүмкіндігінен айрылған;
екінші жағынан ешкім ешқашан мұндай дәмені жаратылыстық тәртіп дәлелдерімен
негіздеуге тырысқан емес. Демек, заң шығарушы корпустың шексіз билігіне сенімде
монархтың шексіз билігіне бұрынғы сенімнің логикалық сипаты жоқ.
Жалпы адамдардың олар бұрын принципінде бас тартқан доктриналарын қалай
ұстанатынын, сөйтіп осылайша пошымын қалдырған нәрсесінің мәнісін қалай сақтай
беретінін көру қызықты. Теологияда бұл тұрғыдағы мысал Карлейль бола алады: студент
кезінде-ақ ол ата-бабаларының дінінен бас тартты, бірақ шын мәнісінде ол тек қабықты
серпіп тастайды да, мазмұнды, оның ғалам мен адам туралы түсінігін сақтап қалады; оның
бүкіл құлқы ол бітіспес шотланд кальвинистерінің бірі болып қалғанын көрсетеді. Ғылым
да бізге геологиядағы натурализмін биологияда жаратылыстан тыс күшке сеніммен
ұштастырған адамның мысалын береді - ол сэр Чарльз Ляйель. Ол алғаш рет геологиядағы
формация теориясын баяндағанда Моисейдің космогониясына ешқандай назар
аудармайды, есесіне ол әрбір жеке табиғи тұрпатты құдай жаратқанына сенімді; тек
Моисейдің космогониясына сүйене алатын сенімді ұзақ уақыт бойы қорғай береді, тек оз