Page 14 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Г. Спенсер. КІСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕК

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
болмаса, онда жаратылыстық шектеу болатынын мойындау керек. Белгілі бір мақсаттарды
көздеу құқығы, инсанияттық шекарасынан аттамай-ақ орындала алатын қарекеттер мен
мұндай жағдайда орындала алмайтын қарекеттер арасындағы айырмашылық
мойындалғанда этикаға кереғар пошымнан этикалық пошымға көшеді.
Aлғашқы жасалған байлам сондай-ақ өркениятталмаған халықтардың қарекеттерін
зерттеген кезде a pasteriori да шығады. Қарекет өрісін өзара анықтап алу өзінің неғұрлым
бұлыңғыр пошымында топтардың арасындағы қатынастарда көрініп, тиісінше ойлар мен
сезімдер туғызады. Әдетте сайып келгенде белгілі аумақ шекаралары орнығады да, оның
он бойында әрбір тайпа өзінің өмірі үшін керек нәрсені таба алады, және осы шекарадан
аттап өткен әрбір адам тойтарысқа ұшырайды. Орман ведалары тайпасында, ешқандай
саяси ұйымы жоқ тайпада, әрбір шағын ру орманның өзіне тиесілі теліміне ие және
"мұндай бөлініс шарттары әрқашан сақталады". Тасманияның үкіметі жоқ тайпалары
жөнінде "олардың аң аулайтын телімдері бөлінген және сол шекарадан өтетіндер
шабуылға ұшырайды" деп хабарлайды.
Тайпалар арасында өзгенің аумағына басып кіруден туындайтын дау сайып келгенде
шекара орнатуға жетелейтіні, біршама мөлшерде оларды сақтап отыруға мәжбүр ететіні
айдан анық. Аумақтар жөніндегі дұрыс нәрселер, әрқилы топтар үшін де дұрыс. Олардың
бірінде бір адам өлтіріліп, қылмыс рас па, жоқ па, көрші аумақтың бір тұрғынына телінсе,
"қасиетті кек алу" құқығының жүзеге асырылуын талап етеді, және де, дұшпандық
қарекеттер созылмалы сипатқа ие болатынына қарамастан, жаңа шабуыл алдын ала
ескертіліп отырады. Осыған ұқсас себептер отбасы немесе ру, индивидтен неғұрлым
көбірек дәрежеде саяси бүтінді құрайтын және әрбір отбасы немесе ру өзі мен өзінің
мүлкін өздеріне ұқсас басқа топтардан қорғауға тиіс болған бастапқы сатыларда ұқсас
салдарды тудырып отырды. Бір қауым басқа қауымға таңатын бұл өзара шектеулер әрбір
қауымда бір индивидтен басқаларға бірдей етіп таңылады; топтарға тән ұғымдар мен
салттар адамдар арасындағы қатынасқа да азды-көпті қолданылады. Әрбір топта күштінің
әлсізге шабуылдау пиғылы болса да, алайда көбіне-көп агрессиялық пиғылдан
туындайтын қасіреттерді түсіну сол пиғылды тежеп отырады. Барлық жерде бастапқы
қауымдық халықтарда ренішке ренішпен жауап қатылады. Тёнер таннестер туралы
"ойнасшылдық және кейбір басқа қылмыстар дүрелеу заңының алдындағы қорқынышпен
тиылып отырады" дейді. Фицрой былай дейді: "егер патагондық өзінің көршісіне зиянын
тигізбесе немесе ренжітпесе оған ешкім тиіспейді және әркім өзін ренжіткеннен ғана кек
қайтарады". Наупестер жөнінде мынаны оқимыз: "олар өздеріне шамалы ғана заңдар
жасаған; бірақ оларда бұл жөнінде бар нәрсе таза күйіндегі қанға - қан, жанға - жан деген
ош алу". Lex talions дегеніңіз қауымның әрбір мүшесі қауіпсіз нені істей алатыны немесе
істей алмайтыны арасында айырмашылық орнату, содан кейін ғана белгілі бір дәрежеге
дейін, бірақ одан аспай, мәжбүрлеу шарасын қолдану екендігі айдан анық. "Дегенмен,
дейді Скулькрафт чипавестер туралы, оларда дұрыс ұйымдастырылған үкімет те жоқ,
өйткені әрбір адам оз отбасының қожайыны, олар ортақ игілікке жәрдемдесетін белгілі
принциптердің ықпалын бастан өткереді" және сол принциптер арасында жеке меншіктің
мойындалуын атайды.
Қызмет өрісін өзара шектеу "жаратылыстық құқық" де¬ген терминнен ұғынылатын
ұғымдарды қалай жасайтынын біз әйтеуір аты ғана үкіметтері бар немесе ешқандай
үкіметі жоқ бірнеше бейбіт тайпалардың мысалынан көре аламыз. Тодтар, санталдар,
лепхастар, бодостар, чакмастар, такундар, арафуралар және т.б. бір-бірінің құқықтарын
кірпияздықпен сыйлайтынын айғақтайтын көптеген фактылардан басқа, біз әбден-ақ
жабайы дерлік, ешқандай әлеуметтік ұйымы жоқ орман ведалары "Әлдекім өзіне тиесілі
емес нәрсені алатынын, жолдасын салып жіберетінін немесе әлдене өтірік айтатынын
мүлдем елестете алмайтынын" көреміз. Осылайша, себептерді талдаудан да, фактыларды