Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. эльстайн. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Д. ЭЛЬСТАЙН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ САЯСИ ТЕОРИЯ
ӘУ БАСТА
(1940) - 1963 жылы Колорадо штатының университетін тәмамдады. Саясаттануды
зерттеуден бұрын өзінің тарих бойынша негізгі ғылыми дәрежесін алды. Саясат
докторы атағына 1973 жылы ие болды, содан кейін Массачусетс университетінде, 1988
жылы Вандербильт университетінде қызмет істеп, сонда профессура жүргізген ең
тұңғыш әйел болды. 1995 жылдан Чикаго университетінде. Сонымен бірге Эльстайн
Америкадағы отбасы жөніндегі кеңесте, азаматтың өркендеу ұлттық комиссиясында
және азаматтық қоғам жөніндегі кеңесте төраға.
Гректер әуелі (әлбетте, саясат тарихында) полис және "полистен тыс дүние" - жат
жұрттықтар мен дұшпандар (варварлар) немесе құрылған саяси бірлікпен ықтимал
бәсекелестікте тұратын басқа гректер дүниесін - құрды. Бұл тарихи болмыстың пайда
болуы жұмақтан қуылу емес болатын. Полиске дейінгі гомерлік соғысушы дүниені
мамыражай дүние деу қиын. Біздің басқа антик дүниелер туралы білетінімізге сүйеніп,
олардың ешқайсысы да жарасымдылық мысалы болған жоқ деген қорытынды жасай
аламыз. Баз біреу мұны бастапқы күнәмен, енді біреу - матриархаттың алтын ғасыры -
мыс дейтінді патриархаттың жеңуімен, тағы бірі - табиғаттың азды-көпті бейбіт, яки азды-
көпті агрессиялық ахуалымен түсіндіре алады. Мейлі дейік. Меніңше, бұл мәселеде
бастапқы нүктені іздеу бос әурешілік. Біз әрқашан, былайша айтқанда, "империяның
ішіндеміз", яғни әрқашан билік, күш маңызды болатын, адамның өнертапқыштығы
адамның қажеттіліктерімен күресуі тиіс, әділет, бостандық, жанашырлық пен автономия,
авторитарлық, заңдылық, қауіпсіздік пен күш секілді ұғымдар адамдардың өзара
ықпалдастығында оларды қозғалысқа келтіретін, тізгіндейтін және бағыттап отыратын
дүниенің ішіндеміз. Гректер осылардың бәрін сұрыптап алып, полистің ішінде
қолданылатын ережелерді және "шетелдіктермен", қаланың мүшесі еместердің бәрімен
мәміле жасағанда қолданылатын белгілі бір сыртқы стандарттарды талдап әзірледі.
Бұл ережелер бір мезгілде әрі тете, әрі күрделі болатын. Афиналықтардың пікірі бойынша
(нақ осы пікірлер бірнеше дискурстық дәстүрлердің негізіне айналды), полистің ішінде
әртүрлі басқару өрістері болды, олар анық немесе бұлыңғыр түрде ақтықты немесе
қателікті, әділетті немесе әділетсіздікті негіздеді. Ішкі мен сыртқының арасында зор
айырма болды. Полис ішіндегі азаматтардың арасындағы өзара қатынастарды
айқындаушы сот әділет болатын. Ал әңгіме афиналықтар мен "басқалардың" арасындағы
қатынастар туралы болғанда, ойынға күш кірісетін. Полис азаматы жөнінде надұрыс деп
тұжырымдалған нәрсе, егер әңгіме азаматтар ұжымы мен әлдене сыртқы топтың
арасындағы қатынастар туралы болса, онда мүлдем олай саналмады. Дипломатия және
арбитраж сыртқы басқалармен делдалдықта рөл ойнаған да шығар, бірақ әрқашан біз -
олар деп әу бастағы бөліну орын алатын - бір жағдайда надұрыс деп танылатын дүние,
басқа бір жағдайда дұрыс деп санала алатын (Elshtain, 1988. P. 443). Нақтылай түсейік:
полистің ішінде жартыкеш әділет үстемдік етті, әділет ережелері әйелдер мен құлдарға
шектеулі түрде ғана таралатын. Және керісінше: полистің кейбір әділет ережелері сыртқы
қатынастарда басым түсетін күш ережелерінің өткір тұстарының тігісін жатқызып жіберу
үшін пайдаланылатын. Бұл арада бастапқы нүктелер анық белгіленген - олар; біз; азамат;
шетелдік; полис ішінде шектеулі әділет және теңдік; сыртқы қатынастарда біршама