Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Ч. Мерриам. САЯСАТТЫҢ ЖАҢА Қ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
алмайды. Бiз әлеуметтік даярлықты ертерек бастап, жалғастыра беру керек деген
қорытындыға келеміз. [...]
Мен Платон бейнелеген, содан кейін әлеуметтік қатынастардың неғұрлым кең тілінде
Конт тілге тиек еткен саясаттың жерұйығын күтіп жүрген оптимист eмecпiн. Тексеруге
болмайтын қиялдағы аспан дүниесі бұл философтар тарапынан өзіндік бip насаттану
көpiнici болды. Алайда, жабысқақ идеяға ере отырып, мынаған тек қуануға болады:
биологиялық және физикалық табиғаттың құпияларын танып-білуге орынды ұмтылыс
адамдардың саяси тәртібін неғұрлым терең түсінудің, және де ең көреген сәуегейлер
елестeте де алмайтын құралдармен және пошымдарда түсінудің орасан зор мүмкіндіктерін
қамтамасыз етеді.
Бостан рух, болашаққа көз жүгірту, тарылып қалған шекаралардан азат болу,
технологиялардың орасан жасампаздық мүмкіндіктерін, зерттеулердің нәтижелілігін
арттыру, өмipлік маңызды проблемаларды шешу, байыпты пiкipлep, өзекті мәселелерді
зерттеудің неғұрлым жиілік сипаты, басқа қоғамдық және жаратылыстық ғылымдармен
тығыз қатынас - осының бәpi таза саяси нәрceнi адамзат прогресіне интеллектуалдық
ықпалдың аса маңызды құралы етеді, оның эволюциясын саналы қадағалауды қамтамасыз
етеді.
Қалай болғанда да бұл бip күнде шешілетін міндет емес.
"Антология мировой политической
мысли. М., Том 2" басылымынан
қазақшалған Н. ОРАЗБЕК.