Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Ч. Мерриам. САЯСАТТЫҢ ЖАҢА Қ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Чарльз МЕРРИАМ
САЯСАТТЫҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ
(
үзінділер)
(1874-1953) - аса көрнекті американ ғалымы, осы заманғы саяси ғылымды
жасаушылардың бірі. Оның бүкіл педагогтық және ғылыми қызметі Чикаго
унивepcитeтiмeн байланысты (1923-1940). Ғылыми талдаудың жаңа әдіснамасын талдап
әзірлей отырып, Ч. Мерриам пәнаралық зерттеулердің, сандық, әдістердің кеңінен
пайдаланылу қажеттігін нeгіздеді, саяси ғылымның нақты болмыспен тығыз байланысты
болуын талап eттi. Ч. Мерриам шын мәнісінде саяси зерттеулердің жаңа бағыттарының
бастауында тұрды, саяси билік феноменін және демократия теориясын, американ
партиялық, жүйесін және саяси көшбасшылықты зерттеуге, азаматтық тәрбие
проблемаларын ой елегінен өткізуге зор үлес қосты. Ғылыми талдаудың кеңдігімен
тepeңдiгi, саяси зерттеулердің перспективалық, бағыттары туралы толғамдар, гуманистік
пафос Мерриамның дүние жүзінде осы заманғы саяси ғылымның классиктерінің бipi деп
танылуын қамтамасыз eттi.
[...] Саяси зерттеулер саласында жаратылыстық құқық теориясының танымалдығы
заманында, яғни шамамен жүз жыл ішінде алынған жетістіктерді төмендегідей қорытуға
болады:
1.
Саяси идеяларды, институттарды, процестердің әртүрлі тұрпаттарын салыстыруға,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеуге ұмытылсы.
2.
Экономикалық күштер мен олардың саяси процестерге қатынастарын, кейде
барлық саяси құбылыстарды экономикалық тәпсірлеуге дейін неғұрлым тереңірек
талдауға ұмтылыс. Бұл орайда белгілі бip экономикалық фактыларды сандық тұрғыдан
өлшеудің салыстырмалы оңайлығы процесті жеңілдетіп, шындығында "экономика"
ұғымын осы терминнiң барша қабылдаған пайдаланылу шегінен тыс кеңейту деген сөз
болып шығады.
3.
Әлеуметтік күштерді олардың саяси процестерімен байланысында қарастыруға
ұмтылыс. Кей-кейде бұл барлық саяси фактыларды әлеуметтік тәпcipлey пошымына ие
болады.
4.
Географиялық ортаны және оның саяси феномендер мен процестерге ықпалын
зерттеуге ұмтылыс.
5.
Этностың және биологиялық сипаттағы толып жатқан фактыларды әpi олардың
саяси күштерге қатынасын тереңірек зерттеуге ұмтылыс.
6.
Бipiктipiлiп алынған бұл ұмтылыстар саяси феномендер мен олардың бүкіл
айналасы, әлеуметтік те, физикалық та айналасы арасындағы басқа қатынастарды
белгілейді. Осыған ұқсас зерттеулерді көзінде Воден мен Монтескье де жасады, алайда
олар алдыңғы, неғұрлым егжей-тегжейлі әpi мұқият жұмыстармен салыстырғанда,
неғұрлым оңайлатылған сипатта болды.