Page 5 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
5
орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді,
ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.
Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: „Би екеу болса, дау төртеу болады"
деп. Оның мәнісі — тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен
айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі
билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе — жаманшылығы әшкере білінгендікпенен
түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қалмай, екеуі екі кісіні билікке таңдап
алып, үстіне біреуді посредникке
9
сайлап алып, біте берсе; егер оған да ынтымақтаса
алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, сонда дау
ұзамай, бітім болар еді.
ТӨРТІНШІ СӨЗ
Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил
10
көп
өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда,
күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп
өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не
ақиретте
11
басы бір ауырмай қалмаса керек.
Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ақирет шаруасына өзгеден
жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш
12
болса керек. Енді олай
болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма
екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-
қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды қарекет
13
табу керек
һәм қылу керек. Әрбір орынды қарекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз
күлкіменен азайтпа, орынды қарекетпен азайт!
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де —
бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рақаттанып күлме, ыза
болғаныңнан күл, ызалы күлкі — өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың,
әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рақаттанып күлсең, оның жақсылықты
жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат
14
алмақтың өзі де мастыққа
жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір
күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан
жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін
күлетін бояма күлкі.
Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рақатының қайда екенін
білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз
9
Посредникке – екі жағына бірдей адам сайлап алу дегенмағынада.
10
Ғафыл (арабша) – бейқам, салақ, алаңғасар.
11
Ақирет (арабша) – арғы дүние, о дүние.
12
Кәніш (парсыша) – іс әрекет, жұмыс әрекет.
13
Харекет (арабша) – әрекет, іс, жұмыс.
14
Ғибрат (арабша) – өнеге,үлгі, сабақ.