Page 47 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
47
жаққа қарай неше мәртебе халқы шығыпты. Соның бірі біздің қазақ екен. Қай-қай
жерменен келгендігі, қанша жылда келгендігі мағлұм емес. Әйтеуір, Алатаудың бөктеріне
келіп, мекендеп тоқтапты.
Арғы жер бұрыннан ұйғыр нәсілді халықтың орнығып, иеленген жері болып, онан әрі бара
алмапты. Ол ұйғыр халқының ханы өзіне қараған халыққа есептеп жүріпті. Бұлар қарадық
десе де, ішінен дұшпан болып жүріпті. Әуелден өзін өзі билеп, азаттықпен жүрген халық,
біратола біреуге бағынбақты ауыр көріпті. Түбінде олар да маңғұл нәсілді болса да,
бұларға жат көрініпті. Сол уақыттарда арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретушілер
көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі
Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да мұсылман болдық депті.
Сөйтсе де, бұрыннан бақсы-балгерге инанып, отқа, шыраққа табынатын әдеттерімен
исламға тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала-пұла хат таныған кісісі болса — оны
„абыз" дейді екен. Ол „абыз" демек әуелде шаман дініндегілердің өз молдасына қоятын
аты екен. Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі жетпесе, сол нәрсені құдай қылып тұр деп, дін
тұтынатұғын әдеттерінің сарқынын біз де кей жерде көргеніміз бар: келін түскенде үлкен
үйдің отына май құйып, „От ана, май ана, жарылқа!" дегізіп, бас ұрғызған секілді, „өлген
аруаққа арнадық" деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым әуел бұлт күркірегенде,
қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, „Сүт көп, көмір аз" деген секілді. Бұған
ұқсаған ырымдар көп еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды.
Сол арабтар көшпелі халықтарды „хибаи" деп, „хұзағи" деп атапты. „Хибаи" дегені киіз
шатырмен жүруші деген екен. „Хұзағи" дегені өз жүртында жәні хұзағи деген көшпелі
халқы бар екен, соған ұқсатып айтқан екен. Сол уақытының бір ханы көшіп келе жатқанда
бұлардың тіркеулі түйесін көріп, „міне мыналар шынымен қаз-ақ екен" депті, әдейі
қайтқан қазға ұқсайды-ақ екен деп. Сонымен, бұлар өзін өзі де, өзге жұрттар да қазақ атап
кетіпті, бұрын өздерін „ұлыс" дейді екен де, жүре береді екен.
БІРАЗ СӨЗ ҚАЗАҚТЫҢ ТҮБІ ҚАЙДАН ШЫҚҚАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ
Біздің қазақтың ықыласы атасын ғарабтан шықты дегенді, яки бәни Исраилден
264
шықты
дегенді ұнатқандай. Онысы — әрне тауарихтан
265
хабар тисе, сол жақтан тигендіктен,
ислам діні бұрынғы ата-бабаларды ұмыттырып, діндестерді жақын көрсеткендіктен һәм
артқы жағы хабарсыз қараңғылықта қалғандықтан болған іс. Һәммаға мағлұм, әуелде адам
балалары бұл күнгі орындарына екі жақтан толқынып келгендігі. Бірі – Үндістан
тарапынан; ол жақтан келген жұрттардың көбі — білімді жұрт болып, ертерек ғылымға
үйір болып, қайдан шыққандарын білгендер. Екіншісі – маңғұл жағынан келген; олар
заманның көбін ғылымсыздықпен өткізіп, тауарихтарын терең білмей, түбі ескерусіз
қалып, ата-бабаларын ақсақалдарының айтуымен, ауыз хабарынан білгеніне қанағат
қылып жүріскен. Соның бірі, яғни сол маңғұлдан шыққан халықтың бірі – біздің қазақ.
Біздің қазақты маңғұлдан шықпақтығы бізге ұят емес, бірақ біздің білімсіз, ғылымсыз
қалмақтығымыз ұят.
Қалмақтың төрт атасының бірі – Хазар. Сол Хазардан үш атаның ұлы парсы жұртында
қалып еді: Қажар, Афшар, Үшташлы деген. Сол қызылбас, дүниедегі ескі патшалардың
сарқыты — Кәсірәй. Ғажам жұрты сол. Біздің қазақтың Амудариядан қорқып қашып
келіп, Сырдарияның аяғында қалмақтан жеңіліп, Ақтабан шұбырынды көретұғын себебі
264
Діни ұғым бойынша Мұсаның (ғ.с.) қауымы, соған ергендер.
265
Тарих деген мағынада
.