Page 44 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
44
ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ СӨЗ
Адам ұғылы екі нәрседен: бірі — тән, бірі — жан. Ол екеуінің орталарында болған
нәрселердің қайсысы жибили
259
, қайсысы кәсиби
260
— оны білмек керек. Ішсем, жесем
демектің басы — жибили, ұйқтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем
екен деген арзу
261
, бұлардың да басы — жибили. Ақыл, ғылым — бұлар — кәсиби.
Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы
дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы
ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші
бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып, көңілде суреттемек. Ол —
жанның жибили қуаты-дүр. Бір ұмытпастық жақсы нәрседен көңілге жақсы әсер хасил
262
болып, жаман нәрседен көңілге жаман әсер хасил болу секілді нәрселер. Бұл қуаттар
әуелде кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың
қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті
жоғалмаса да, аз-маз нәрсе болмаса, үлкен ешнәрсеге жарамайтын болады.
Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол — көп
жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын — бәрін де бағанағы жиған
нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл қарекетке түсінген адамды
ақылды дейміз.
„Құдай тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейік?" демек, „құдай тағала сеніменен мені
бірдей жаратып па?" демек — құдай тағалаға жала жауып, өзін құтқармақ болғандығы.
Бұл — ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі. Оған құдай тағала көрме, есітпе, көрген, естіген
нәрсеңді ескерме, есіңе сақтама деп пе? Ойын-күлкімен, ішпек-жемек, ұйқтамақпен,
мақтанмен әуре бол да, ішіңдегі қазынаңды жоғалтып, хайуан бол деген жоқ.
Кейбіреулер айтады: „Ақыл жибили болмаса да, талап — жибили. Талап берген адам
ақылды тапты, талабы жоқ кісі таба алмады",— дейді. О да бекер. Талап балада да бар,
оған талас қылуға болмайды. Бағана айттық қой, жан қуаты басында кішкене болады,
ескермесе жоғалып та кетеді, ескерсе, күтіп айналдырса, зораяды деп. Жан қуатыменен
адам хасил қылған өнерлері де, күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең,
тауып алған өнеріңнің жоғалғандығын және өзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып
кеткеніңді білмей қаласың. Қай жоғалған өнер: „ал, мен жоғалдым" деп, хабар беріп
жоғалады. Енді қусаң, бағанағы әуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.
Жан қуаты дейтұғын қуат — бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сыйғызбайды.
Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып, ішке салғанын, соның тамырын берік ұстап тұруға
жараушы еді. Көп заман ескермеген адамнан ол бағанағы өнердің өзінің ең қызықты,
қымбатгы жерлері жоғала бастайды. Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын
қуаттың өзі де жоғалады. Онан соң қайта кәсіп қылуға болмайды.
Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар, зинһар, соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса,
адам ұғылы хайуан болды, адамшылықтан шықты.
259
Жибили (арабша) – туа біткен қасиет.
260
Кәсіби (арабша) – жинақталған, еңбекпен табылған.
261
Арзу (арабша) – тілек, мақсат.
262
Хасил (арабша) – нәтиже қорытынды.