Page 40 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
40
Онан соң қиямда
246
тұрып қол бағламақ — құл қожа алдында тұрмақ — бұқара патша
алдында тұрғаннан артық Алланың қадірлігіне
247
өзінің ғажиздығына
248
ыкрарының
249
беріктігін көрсеткен ишараты.
Қыбылаға қарамақ— әрине, құдай тағалаға ешбір орын мүмкін емес болсада, зиратын
250
парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен
деген ишараты.
Онан соң қира әт
251
яғни сураһи фатиха
252
оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха
сүресінің мағыналарында көп сыр бар.
Руқұғ
253
бас ұрмақ— алдында құда хазірге ұқсас, ол да ишарат.
Сәжделер
254
— әуелі жерден жаралғанына ықырары, екіншісі — және жерге қайтпағына
ықырары, бас көтермек және тіріліп, сұрау бермегіне ықырарының ишараты.
Қағадат ул-ақир
255
— дұғаның ақырында Аллаға тахият
256
, одан тәшәһһуд
257
, одан салауат,
пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәсәләмге айтпақ үшін ең ақырғы сәлемменен
тауысасыз, яғни Алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз. Ол дұға қазинасы күллі
мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәләмәтшілік тілеп һәм рахмет тілеп бітіресіз.
Жә, бұл сөзден не ғибрәтлендік?
ОТЫЗ ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі,
сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар
екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана
тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара
жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел
қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де
адамшылыққа ұқсамайды, шайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара
жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.
246
Қиям (арабша) – намаз оқығанда түрегеп тұру.
247
Қадір (арабша) – құдірет, күшті, қадірлі.
248
Ғажиз (арабша) – әлсіздік. Бұл жерде басқаша да аударуға болады.Мысалы, ығжаз – қол
жетпейтін ерекше күш.
249
Ыкрар – мойындау, түсіну.
250
Зират – бару, қажыға бару, бұл жерде Мекке Медине деген мағынада.
251
Қира әт (арабша) – оқу.
252
Сураһи фатиха (арабша) – фатиха сүресі. (Фатиха құранның бірінші сүресі).
253
Рукұғ (арабша) – намаз оқығанда тізеге қол қойып еңкею, тізе бүгу.
254
Сәжде (арабша) – намаз оқығанда маңдайын жерге тигізу.
255
Қағадат-ул-ақир (арабша) – намаз бітерде соңғы отыру.
256
Тахият (арабша) – сәлемдесу, құттықтау.
257
Тәшәһһуд (арабша) – куәлік беру. Бұл жерде Құдайға құлшылық етудің соңғы сөзін айту.