Page 27 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
27
11. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында.
Дүниеде бар жаман да кепте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды?
Соңғыға кім азбайды?
12. Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян
жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың
артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?
13. Ашулы адамның сөзі аз аз болса – ыза, қуаты артында болғаны. Егер аузынан қан
ағызса – домбыт мақтаншақ, я қорқақ.
14. Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к... н ашпайтұғын ақылы
бойында қалады.
15. Егер ісім өнсін десең ретін тап.
16. Биік мансап – биік жартас,
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.
17. Дүние – үлкен көл,
Заман – соққан жел,
Алдыңғы толқын – ағалар,
Артқы толқын – інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.
18. Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.
19. Тоқ тіленші – адам сайтаны,
Қаракетсіз – сопы монтаны.
20. Жаман дос — көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
21. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
22. Қайратсыз ашу — тұл,
Тұрлаусыз ғашық — тұл,
Шәкіртсіз ғалым — тұл.