Page 25 - Абай. Қарасөздер

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
25
бар? Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін
жөн қыламын деп, құр „ой, тәңір-ай!" деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?
ОТЫЗ БЕСІНШІ СӨЗ
Махшарға
58
барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт — соларды қатар
қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат
59
үшін, сый құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда
болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт
60
болғандарды бір бөлек қояр дейді.
Ақиретке бола, бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек
қояр дейді.
Дүние үшін болғандарға айтар дейді: „Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке,
батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты
дүниең харап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл,
сұрау беріңдер! Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе
ақиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?" деп.
Ана шын ниетіменен орнын тауып, бір құдайдың разылығы үшін өнер қылғандарға айтар
дейді: „Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарп қылып
едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм ол
разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да, іші
еріп, ынтық болған достарың табылса, шафағат
61
қылыңдар!"— деп айтар дейді.
ОТЫЗ АЛТЫНШЫ СӨЗ
Пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уәсәлләмнің
62
хадис шарифінде
63
айтыпты: „мән лә
хаяһүн уәлә иманун ләһу" деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген.
Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: „ұят кімде болса, иман сонда" деген. Енді бұл
сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі
қандай нәрсе? Бір ұят бар — надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді,
жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не
шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп,
шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес — ақымақтық,
жамандық.
Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиырлы бойға теріс бір іс
себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі — ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ,
бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі
қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді
мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып,
қызартып кетеді. Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиырлы бойға теріс, я
58
Махшар (арабша) – о дүниеде адам баласының күнәсі тексерілетін орын.
59
Ғиззат-хұрмет (арабша) – атақ, абырой, даңқ, құрмет.
60
Шәйіт (арабша) – дін жолында өлген адам (жалпы соғыста өлген адам).
61
Шафағат (арабша) – көмектесу, сөзін сөйлеу, араша түсу.
62
Саллалаһу ғалайһи уәссәләмнің (арабша) – Алла оған игі тілек тілеп, сәлемін алсын (Мұхаммед
пайғамбардың (с.ғ.с.) аты аталғаннан кейін айтылатын құрметтеу сөйлемі).
63
Хадис шарифінде (арабша) – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) ісі мен айтқан өсиеті жөнінде
жазылған әңгіме-хадис.