Page 330 - Strategiya_nezavisimosti-kaz0

Basic HTML Version

Д
ІНАРАЛЫҚ ҮНҚАТЫСУ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ БАСТАЙДЫ
329
қалашығы бар. Осы көне мекенде будда мінәжатханасы,
мешіт және христиан шіркеуі қоңсы қонған.
Ал бүгінгі таңда Қазақстанның жаңа астанасында,
тегінде, біздің басқа да қалаларымыздағыдай сіздер
мешітке, православиелік храмға, католик костеліне, сина-
гогаға, ғибадат үйіне бара аласыз. Осының өзі замананы
жалғастырушы арқау болып табылады.
Осысъезге әзірлікмағанАстанадаҰлттар сарайын тұрғызу
туралы ой салды. Онда мешіт, шіркеу, синагога және будда
храмыболады. Осында Қазақстан халықтарыныңАссамблея-
сы мен барлық ұлттық-мәдени орталықтар орналасады.
Айтқандай, Қазақстан халықтарының Ассамблея-
сы біз үшін мемлекеттік ұлттық саясатты тиімді жүргізуге
жәрдемдесетін азаматтық қоғамның бірегей институтына ай-
налды. Оның қызметі Қазақстан қоғамына танылып, көптеген
елдерде және БҰҰ мен ЕҚЫҰ тәрізді халықаралық ұйым-
дарда жоғары бағаға ие болды.
Ұлттар сарайы ансамблі өз аумағында жүз жиырмадан
астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті әрі келісімде
өмір сүріп, еңбек етіп жатқан біздің еліміз халқы бірлігінің
өзіндік бір нышанына айналмақ. Бізде қырықтан астам кон-
фессиялар ешқандай кедергісіз жұмыс істейді.
Біздің даусыз
ұлттық байлығымыз бен тұрлаулы
болашаққа деген үмітіміз – міне, осында.
Біз сақтап әрі нығайтып отырған этносаралық және
конфессияаралық татулықтың түбегейлі әрі ауқымды
өзгерістерді серпінді түрде жүргізуге мүмкіндік берген, саяси,
экономикалық және әлеуметтік салалардағы табыстарымыз-
ды қамтамасыз еткен іргетас болғанына сенімім кәміл. Бұл
жетістіктерді бүгінгі таңда жалпы жұрт мойындап отыр.
Төзімділік, татулық пен ынтымақтастық принцип-
терін біз өзіміздің сыртқы саяси қызметімізде де ұстана-
мыз.