Page 6 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

А
лғы сөз
5
А
лғы
сөз
Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекен-жай салып
алуды арман етеді. Бәрі де кәдімгі қарапайым тілектен баста-
лады. Ең әуелі отағасы болашақ үйінің нобайын ой жүзінде
жобалап, көз алдына елестетеді. Әрбір бөлшегін ой елегінен
өткізеді. Үйдің салынатын орыны анықталғаннан кейін, оның
жобасы қағаз бетіне түсіріледі. Үй іргетасынан басталып,
қабырғалары мен шатырына қарай бірте-бірте салына бас-
тайды. Көптеген жанұялар үйіміз сәнді де сапалы болсын деп,
оны жылдар бойы салады. Отағасы үйді өзінің балалары мен
немерелеріне, шөберелеріне қалсын деп тұрғызады. Адамға
өзінің қолымен салынған үйден қымбат еш нәрсе жоқ. Бірақ
үй дегеннің мән-мағынасы – оның жай ғана қабырғалары,
терезелері және ішкі бөлмелері сияқтыұғымдардан әлдеқайда
ауқымды. Үй деген сенің баспанаң, құтханаң, тіршілік мекенің.
Белгілі жазушы Антуан де Сент-Экзюперидің мынадай
бір сөзі бар: «Үйдің мән-жайын білгісі келіп бұзған адам,
оның қабырғасын қалаған кірпіштерін, төбесін жапқан қыш
тақталарын ғана көреді, ал бірақ солардың талай уақыт бойы
басқа пана, жанға сая болған рақатын көре алмайды. Егер
осыныңбарлығын біртұтас етіп біріктірген сәулетшінің ойлаған
ойы бір сәтте ғайып болса, жаңағы жалаң кірпіш пен қыш
тақталардан қандай тағылым болмақ? Тас екеш тастың өзі де
адамның жүрегі мен жан жылулығын керек етпей ме?»