Page 425 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
424
жасауға және іске асыруға кімнің қатысы болса, солар
түгелдей қатысты.
Бұл кездесу, шын мәнінде, Қазақстанның ғарышқа қарай
жолын салғандарға көрсетілген құрмет пен ризашылықтың
белгісі болды.
Біздің бәрімізге, Жер планетасының тұрғындарына,
1961 жылғы 12 сәуір адамзаттың ғарышқа бұзып-жарып
шыққан күні ретінде есте қалады, сондықтан да оны авиация
мен ғарышкерліктің Дүниежүзілік Күні деп тегін атамаған.
Егеменді Қазақстанның күн тізбесінде, ғарыштық ұшуларға
қатысушы, көптеген басқа елдердікі сияқты, ғарышкерліктің
ұлттық күні жоқ. Бірақ жоғарыда аталған күн, мемлекет өзінің
азаматын бірінші рет ғарышқа аттандырған тарихи күн елдің
ғарыштық жылнамасының бастамасына айналады.
Қазақстан тәуелсіздігінің тарихыҚазақстан ғарышкерлігі-
нің тарихынан басталады, бұл – айшықты белгі.
Қазақстанның ғарышты игерудегі 15 жылда жүріп өткен
қадамдары, Жерді айналдыра тартқан ғарыш орамдары
сияқты. Біздің еліміздің алдындаЖердің бетінен әрі де жатқан
жаңа биіктер тұр, оның тең ортасында – тамыры тереңге
жайылған Бәйтерек – Қазақстанның ғарыштық діңгегі тұр.