Page 340 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Ұ
ЛТТЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
339
Біз оның қалыптасуын қолайлы жағдаймен, соның ішінде
тікелей ынталандыру, әсіресе салық салуда жеңілдіктер беру
шараларын енгізу арқылы қамтамасыз еттік. Енді, банк сек-
торы аяғынан нық тұрған кезде, ел экономикасының дамуын
әрі қарай қамтамасыз етуде одан осындай көмекті талап
ету әділ болады деп ойлаймын. Мен бұл арада бизнестегі
«әлеуметтік жауапкершілік» деген ұғымды айтып тұрмын. Бұл
ұғым ұйым өзі ресурстарын пайдаланып отырған қоғамның
мүддесі үшін әрекет етуі керек дегенді білдіреді.
Менің ойымша, бұл принципті біздің компаниялардың
қызметтеріне енгізу қажет. Бизнестіңжауапкершілік ауқымын
кеңейту – сол бизнестіңықпал ету аясын кеңейту сияқты, сөзсіз
болатын үрдіс. Бірінші кезекте, біздің еліміздің азаматыболып
табылатын әрбір бизнесмен жалпы еліміздің экономикалық
гүлденуіне ықпал жасауы керек.
Бүгінде Алматыда қаржы орталығын жасау үрдісі жүріп
жатыр. Бұл маңызды және күрделі жоба. Ол дүние жүзінің ірі
банк институттарын өзіне тартуы керек. Заңдар қабылданды,
преференциялар қаралды, ендігі мәселе – біздің мамандар
қаржы орталықтарын құруды шешуге тиіс. Олар тырысатын
болады және табыстарға жетеді деп сенемін.