Page 270 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

м
емлекеттік меншіктен – жеке меншікке
269
сондай-ақ облыстардың, ведомстволардың, ірі компания-
лар басшылығына жоғарылатылды. Ақиқатын айтсам,
биліктің сынағына барлығы бірдей шыдап бере алмады.
Бүгінгі күні мен ең алдымен, жасына қарай емес, ақыл-
парасаты толысқан, айналасындағы мән-жайды байыппен
байқап, ең бастысы – өз мүмкіндігін тани білетін адам ғана
басқарушы лауазымында болуы керек деген пікірге көбірек
ойысамын.
Бұрынбіз басқарушыдеп комбинат немесе зауыт директо-
рын айтушы едік. «Менеджер» сөзі –шет елдікі. Ал мағынасы
сол. Көптеген бұрынғы директорлар нарық жағдайында
жақсы менеджерлер болып кетті. Тәуірі де, төмені де – нақты
істе тексеріледі. Адамдар мен істі кім табысты басқарса,
жақсы – сол.
Реформаларды, соның ішінде меншік иелері табын қа­
лыптастыруға бағытталған реформаларды жүргізе отырып,
біз, бейнелеп айтқанда, экономиканың «күретамыры» болып
табылатын тиімді қаржы жүйесін құрудың қажеттігіне кез
келдік. Ұлттық қаржы жүйесін қалыптастыру үрдісінің қалай
өткені туралы келесі тарауда айтылатын болады.