Page 131 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
130
«Ғ
асырдың мұнай
фонтаны
»
Менің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
хатшысы ретінде экономика және өнеркәсіп мәселелерімен
айналысып жүрген уақытымда, сондай-ақ оған дейін де және
одан кейін де атқарған жұмыстардың барысында Каспий
аймағында бірнеше рет болған едім, алайда 1985 жылдың
жазында көргенімді бұдан бұрын ешқашан көрмеппін.
Бұл көрініс тек мен үшін ғана айтарлықтай оқиға болып
қалмады. КСРО жоғары басшылығының барлық назары
кішігірім Гурьев аймағы жағына ауды.
Оның бәрі Теңіздегі мұнай ұңғыларының біріндегі өрттен
басталды. Бұл оқиға 1985 жылдың 23 шілдесінде болды,
4467метр тереңдіктежүргізіліпжатқан бұрғылаужұмыстары
кезінде Т-37 ұңғысынан мұнайдың алып фонтаны бұрқ ете
қалады. Ұңғыдан атқылаған мұнай бұрқағы бой бермей,
үлкен өрт пайда болады. Нәтижесінде ұңғылау қондырғысы
толықтай қирап, ал бұрғылау құралы үлкен қысым күшімен
ұңғыдан жанышталыпшығарылады. Мұнай-газ бұрқағының
сол кездегі сыртқа атылу ұзақтығы 400 тәуліктен асты. 900
атмосфералық қысыммен атқылаған, биіктігі 250 метрлік
үлкен өрт бағаны бой көтерді. Ауаға таралған күкірт қыш-
қылының көлемі 8 млрд шаршы алаңды жайлады, ал
экологияға және адамдардың денсаулығына тигізілген
зардаптарды есепке алмағандағы материалдық шығындар
1 млн АҚШ долларынан астам соманы құрады.
Ауаға тараған күкірт қосындылары мөлшерінің өте
көптігінен айналадағы тіршілік атаулы қырыла бастады. Түнгі
уақытта ас­панға шапшыған от бағанның ыстығына қанаты
күйіп, күкірт иісімен уланған құстар тура жерге құлап жатты.
Алып от алауы өзіне таяу жердегі мұнай ұңғысы басында
апаттың зардабымен алысыпжүрген адамдардыдашарпыды.
Өкінішке қарай, бұл оқиға адам өлімінсіз болмады. Әскери