Page 10 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

А
лғы сөз
9
Қазақстан жолының ендігі бір өлшемі – қауіпсіздік.
Ядролық қарусызданудан, аймақтық және әлемдік держава-
лармен шекараны анықтаудан, лаңкестікпен күресуден және
әскери-саяси топтардан бастап, жеке адамның қауіпсіздігіне
дейінгі мәселелердің барлығы – осы жүріп өткен үлкен
жолдың белестері. Бірақ та мұның бәрі әлі де жеке-жеке ой
елегінен өткізуді қажет етеді. Менің ойымша, бұл мәселелер
туралы айту әлі ертерек, өйткені осы бағыттағы жұмыстар
одан әрі жалғасуда.
Бұл жерде босаңдыққа салынуға әсте де болмайды,
ең бас­тысы – алға үнемі ұмтылу. Тіпті, бейнелеп айтқанда,
чемпионның міндеті тек «алтынды» жеңіп алу ғана емес, со-
нымен бірге өзінің көшбасшылық қалпын ұстап тұра білуінде.
Ал бұл өзіңнің алдыңа жаңа, күрделі және биік мақсаттарды
үнемі қойып отырғанда ғана мүмкін болмақ.
Менің кітабым дәл осылар жөнінде. Біздің Ескіден қалай
арылғанымыз туралы. Қазіргімізге қайтіпжеткеніміз хақында.
Сонымен бірге бұлжолдың – тәуелсіз Қазақстанжолының аса
оңай болмағандығы туралы.